06.02.2014, 22:23 10165

2014 жылы Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлері толықтай отандық цементпен қамтамасыз етіледі - И.Исекешев

"Құрылыс индустриясындағы өндіріс бір жыл ішінде 11,8% артты. Ішкі нарықтағы отандық өнім үлесінің көлемі 72% жетті. ҮИИД аясында Президент аталмыш көрсеткішті 80% жеткізу туралы тапсырма берген болатын. Жыл қорытындысы бойынша, жалпы бірінші бесжылдық нәтижесінде бұл межеге жетеміз деп сенемін", - деді И.Исекешев.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. 2014 жылы Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлері толықтай отандық цементпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қызметкерлерінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Исет Исекешев мәлімдеді.

"Құрылыс индустриясындағы өндіріс бір жыл ішінде 11,8% артты. Ішкі нарықтағы отандық өнім үлесінің көлемі 72% жетті. ҮИИД аясында Президент аталмыш көрсеткішті 80% жеткізу туралы тапсырма берген болатын. Жыл қорытындысы бойынша, жалпы бірінші бесжылдық нәтижесінде бұл межеге жетеміз деп сенемін", - деді И.Исекешев.

Ішкі нарықтағы бетон бұйымдары, цемент, гипсокартонның 100%-ы отандық өнім болып табылады.

"Биыл қос бірдей цемент зауытының іске қосылуының арқасында еліміздің батыс және солтүстік өңірлері толықтай импорт тәуелділігінен айырылады", - деді министр.

Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша, металлургия өнеркәсібінде боксит пен мыс рудасын өндіру есебінен өнім көлемінің 94% артуы күтілуде. Ал қалған негізгі металлдар өнімі 90% деңгейінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны