27.05.2014, 22:38 3164

2014 жылы кеден органдары бюджет кірісіне 325 684 млн теңге сома түсті

2014 жылғы 1-тоқсан ішінде кеден органдары бюджет кірісіне 325 684 млн. теңге сомасына КТмС түсуін қамтамасыз етті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 57 676 млн. теңгеге немесе 21,5%-ға артық аударылды. Республикалық бюджеттің кірісіне кедендік төлемдер мен салықтардың түсу үлесі 38,4% құрады, деп кедендік бақылау комитетінен хабарлады.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде 2014 жылғы 1-тоқсанындағы жұмыс нәтижелері бойынша алқа отырысы өтті.

2014 жылғы 1-тоқсан ішінде кеден органдары бюджет кірісіне 325 684 млн. теңге сомасына КТмС түсуін қамтамасыз етті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 57 676 млн. теңгеге немесе 21,5%-ға артық аударылды. Республикалық бюджеттің кірісіне кедендік төлемдер мен салықтардың түсу үлесі 38,4% құрады, деп кедендік бақылау комитетінен хабарлады.

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 2014 жылғы 1-тоқсанда (Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік ішіндегі сауданы есептемегенде) 26,9 млрд. АҚШ долларын құрады және 2013 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ға өсті.

Алқа отырысының қатысушылары назарына кедендік әкімшілендіруді елеулі жақсартуға көзделген атқарылып жатқан жұмыстардың артықшылықтары жеткізіліп, болжамды жоспарды іске асыру бойынша ұйымдастыру жұмыстары баяндалды.

Сондай-ақ Алқада кеден саласындағы құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесудің тиімді шараларын әзірлеу мәселелері талқыланды.

Басты назар өз қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысының қорытындысына және кадрмен жұмыс мәселелеріне бөлінді. Комитет төрағасы назарды кеден қызметкерлерінің біліктілік сапасын және халық пен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара қарым-қатынас үшін этикасын арттыруға аударды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны