26.12.2013, 19:10 2886

2014 жылы Кеденде электронды декларациялау жобасын енгізу басталады - Р. Дәленов

"1 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанның мемлекеттiк қарызы 4 трлн. 074 млрд. теңгенi құрады. Доллармен есептесек, шамамен 26,5 млрд. АҚШ доллары көлемiнде шығады. Бұл IЖӨ-нiң 1,9 пайызына тең. Айтарлықтай төмен көрсеткiш", - дедi Р. Дәленов. Сонымен қатар мемлекеттiк кепiлдiк аясында алынған қарыздар 121 млрд. теңге болып отыр.

Алматы. 26 желтоқсан. Kazakhstan today. 2014 жылы ҚР-да құжатсыз электронды декларациялауды енгізу басталады. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде қаржы вице-министрі Руслан Дәленов хабарлады.

"1 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанның мемлекеттiк қарызы 4 трлн. 074 млрд. теңгенi құрады. Доллармен есептесек, шамамен 26,5 млрд. АҚШ доллары көлемiнде шығады. Бұл IЖӨ-нiң 1,9 пайызына тең. Айтарлықтай төмен көрсеткiш", - дедi Р. Дәленов.

Сонымен қатар мемлекеттiк кепiлдiк аясында алынған қарыздар 121 млрд. теңге болып отыр.

"9 айдың қорытындысы бойынша үкiметтiк қарыз бен оны жабу көлемi қауiпсiз деңгейде. Бюджетке салынған қарыз ауыртпалығы бюджеттiң пайдасымен салыстырғанда ойдағыдай шекте - 9,7 пайыз деңгейiнде тұр. Еске салайын, ең шектi лимит 15 пайызды құрайды. Бiзге еш қауiп жоқ. Дүниежүзiлiк экономикалық форумның 2013-2014 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнде қарыз көлемi төмен елдердiң iшiнде Қазақстан жоғары 14-орынға ие болды", -деп атап өттi вице-министр.

"Бүгінде республикалық бюджеттің кірісіне 5 трлн. 117 млрд. теңге түсті. Кіріс бойынша жоспарды 100% орындау үшін 36 млрд. теңге жетпейді. 26-желтоқсандағы жағдай бойынша шығыстар 6 трлн. 208 млрд. теңгені құрып отыр. Жыл соңына дейін 151,4 млрд. теңгені игеруіміз қажет. Илі де 5 қазынашылық жұмыс күні бар, сондықтан да кірістер түсіп, шығыстар игерілетін болады", - деді Р. Дәленов.

"Шартты үнемдеу 47 млрд теңге немесе 4,6 пайыз. Электрондық сатып алу үлесі 60,5 пайыз. 10 айдың қорытындысына сай, тауарлар бойынша мемлекеттік сатып алудағы жергілікті үлес 86 млрд теңгені немесе 40,1 пайызды құрады", - деп толықтырды ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны