14.04.2014, 19:28 3274

2014 жылы ҚР-да машина жасау саласында өндіріс көлемі 1 трлн теңгеге жетті

Машина жасау саласында өндіріс көлемі 2014 жылы 1 трлн теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қазақстанның машина жасаушылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Темірлан Алтаев мәлім етті.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Машина жасау саласында өндіріс көлемі 2014 жылы 1 трлн теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қазақстанның машина жасаушылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Темірлан Алтаев мәлім етті.

"Бүгін бизнес-ұйымының консолидациясы жақсы өтуде, осы бойынша кәсіпкерлердің ұлттық палатасы мен бірқатар комитет құрылды. Біздің комитет машина құрылысы бойынша біз ол туралы бизнес-құрылымды реттеу бойынша сұрақтарды шешуге бағыттап жатырмыз", - деді Т. Алтаев.

Қазақстанның машина жасау кеңесінің атқарушы директоры айтқандай, комитет машина жасау саласының алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуге нақты талаптар қояды.

"Біз қазір білім беру жүйесін жаңартудың парадигмасын сәл-пәл өзгерттік. Қолға алып отырған ілкі жобалардың бірі машина жасау саласы үшін мамандар дайындау болып табылады. Істі нарыққа қажетті өнімдер тұрғысынан нарықты зерттеуден бастадық. Одан кейін жоғары сапалы өнімдер шығару үшін қажетті машина жасау технологиялары мен станоктарының тізбесін жасаймыз. Біздің зауыттарда жұмыс істейтін мамандардың құзырлығы осы мәселеден туындайды", - деді Т.Алтаев өз сөзінде.

Оның атап өтуінше, 2014 жылы машина жасау саласында өндіріс көлемі 1 трлн теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.

"Машина жасау кәсіпорындарының алдында тұрған зор міндеттер аясында соңғы уақытта жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, өндіріс көлемін арттырып отырмыз. 2005 жылы өндіріс көлемі 179 млн теңге болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 800 млн теңгеге жетті", - деді Т.Алтаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны