20.01.2014, 19:04 5398

2014 жылы ҚР-да урбанистік орталықтардың даму стратегиясы әзірленеді - Б.Жәмішев

Қазір Өңірлік даму министрлігі өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы тиісті стратегия - агломерацияларды дамыту стратегиясын қарастыруда.

Алматы. 20 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанның басты урбанистік орталықтары Астана, Алматы, Шымкент пен Ақтөбе қалалары болады, деп мәлімдеді ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев ОКҚ брифингінде.

"Биылғы жылы осы агломерацияларды дамыту бойынша тиісті кестелерді, тиісті стратегияларды дайындау тапсырылды. Алдағы уақытта Ақтау, Қарағанды мен Өскеменнің агломерациясын құру мәселесі қаралатын болады", - дейді министр.

Оның айтуынша, қазірде республикада халықты ірі қалалардың маңайына шоғырландыру процессі жүргізілуде. Сөйтіп агломерация табиғи түрде орындалады.

"Осындай әдіс Астана, Алматы мен Шымкентке қолданылады. Биыл осы бағыттағы жұмыстар басталып кетті. Қазірді Өңірлік даму министрлігі айтып жатқан өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы тиісті стратегия - агломерацияларды дамыту стратегиясы қарастырылуда", - деді министр.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, 2014 жылы Астана мен Алматының 2030 жылға дейінгі агломерациясының стратегиясы дайындалады. Шымкент пен Ақтөбенің агломерациясы Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүргізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны