20.01.2014, 19:02 4117

2014 жылы ҚР-ның 160 аудан орталығында КҚО ашылады - Б.Жәмішев

2014 жылы ҚР-ның барлық 160 аудан орталықтарында КҚО ашылады, деп мәлімдеді ҚР Өңірлік даму министрі Б.Жәмішев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде.

Алматы. 20 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылы ҚР-ның барлық 160 аудан орталықтарында КҚО ашылады, деп мәлімдеді ҚР Өңірлік даму министрі Б.Жәмішев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде.

"Барлық 16 ірі қала мен Семей қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылды. Барлық 27 моноқалаларда кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс істеп тұр. 2014 жылы Қазақстанның барлық 160 аудан орталықтарында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылады", - дейді министр.

Оның айтуынша, елімізде халыққа жақын ақпараттық-кеңес беру орталықтар желісі құрылады және оқыту бағдарламалары бойынша жұмыстар жандандырылады.

"Атап айтар болсақ, бастауыш кәсіпкерлерге арнайы "Бизнес-кеңесші" бағдарламасымен қатар өз кәсіптері бар кәсіпкерлерге арналған "Бизнес-өсім" жобасы ашылады. Барлық КҚО-да Жас кәсіпкерлер мектебі қызмет ететін болады", - дейді Б.Жәмішев.

Министрдің айтуынша, телевидение мен ғаламторда бірқатар визуалды бағдарламалар енгізілу жоспарлануда.

"Біз кәсіпкерлер жетістіктерінің тарихын көрсетеміз. Олардың өз еңбектерімен жеткен биіктері жайлы, әр саладағы бастауыш кәсіпкерлік жайлы мағлұматтар береміз. "Даму" қоры "Жетістік тарихы", "Арнайы репортаж", "Бизнес аумағы" атты бағдарламаларды дайындап қойды", -дейді министр.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен бизнес идеяларының жинағы кеңінен таратылады. Онда 100 модельді қанатқақты жобалар енгізіледі.

"Бұл кәсіпкерліктің беделін арттыра түседі. Нәтижесінде халықтың бизнесті тек тендер арқылы жүргізуге болады деген ойынан арылтады. Елдегі кәсіпкерлік мамандануды кеңінен таратады", - дейді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны