25.04.2014, 19:25 6195

2014 жылы Павлодар облысында 12 инвестжоба жүзеге асады

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, Индустрияландыру картасын іске асыру негізінде жүзеге асады, ал Индустрияландыру картасы аясында 1078,8 млрд. теңгеге 85 инвестициялық жоба іске асырылуда, 9960 жұмыс орны құрылған. Үстіміздегі жылы инвестиция көлемі 33,2 млрд. теңге болатын 12 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, 1140 жұмыс орнын құрылмақ.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. Павлодар облысында 2014 жылы Индустрияландыру картасы бойынша 12 инвестициялық жоба жүзеге асады.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, Индустрияландыру картасын іске асыру негізінде жүзеге асады, ал Индустрияландыру картасы аясында 1078,8 млрд. теңгеге 85 инвестициялық жоба іске асырылуда, 9960 жұмыс орны құрылған.

Үстіміздегі жылы инвестиция көлемі 33,2 млрд. теңге болатын 12 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, 1140 жұмыс орнын құрылмақ.

" Осы жылғы бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша өңіріміздегі ірі кәсіпорындардағы өндіріс көлемінің төмендеуін көріп отырсыздар. Бұл мәселені ҚР Үкіметінде көтерген болатынмын, облыстағы кейбір кәсіпорындарға көмек көрсетіліп те жатыр. Мәселен, "Қазақстан алюминийі" АҚ үшін темір жол тасымалдарында тарифтер төмендейді, пайдалы қазбаларды өндіру салығы түзетілмек, Ресей тарапынан арзан мазутты импорттауға рұқсат берілмек, сондай-ақ каустикалық соданы сатып алу бағасы төмендейтін болады. Облыс әкімдігі мұндай жұмысты барлық ірі кәсіпорындармен жүргізеді. Облыстық әкімдік жанынан ірі кәсіпорындармен жұмыс жасау штабы құрылатын болады. Ир кәсіпорын бойынша "қол режимінде" нүктелі шараларды қолдануымыз қажет", - деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

2013 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша облыстың ішкі өңірлік өнімі 1,7 пайызға артып, 1067,7 млрд. теңгені құрады. Алайда экономиканың нақты секторында 2014 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша өнеркәсіп саласында төмендеулер байқалады. Олар облыстың төрт көмір шығарушы кәсіпорындарындағы көмір өндірісінде, металлургия, химия және электр қуаты салаларында көрініс тапқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны