29.01.2014, 18:34 24335

2014 жылы ШҚО-ның Тарбағатай ауданында 13 құс фермасын ашу жоспарланған

Ауданда мал тұқымын асылдандыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылған. 2013 жылы асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны 2011 жылмен салыстырғанда 3 есеге артып, 19-ға жеткен.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында 13 құс фермасын ашу жоспарлануда, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

"Ауданның барлық ауылында 13 құс фермасын ашу жоспарда бар. Шағын және орта бизнесті қолдау аясында осындай шағын фермалар ашуға мүмкіндік туды", - делінген хабарламада.

Ауданда мал тұқымын асылдандыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылған. 2013 жылы асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны 2011 жылмен салыстырғанда 3 есеге артып, 19-ға жеткізіліпті.

Айта кетейік, ШҚО-ның Тарбағатай ауданында 2013 жылы өндірілген ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 144,5 пайызға өсіп, 21 млрд. 183 млн. теңгені құрады.

Сондай-ақ, ауданда 25 мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр. 2013 жылы осы бордақылау алаңдарында күтімге қойылған мал 700 тоннаға жуық ет берген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны