11.04.2014, 20:01 3311

2014 жылы Талдықорғанда кезекте тұрғандар үшін жаңа ауданның құрылысы басталады

Алматы облысы әкімі Аңсар Мұсаханов жұмыс сапарымен Жетісу өңіріне келген "Қазақстан Тұрғын үй құрылыс Корпорациясы" акционерлік қоғамының төрағасы Руслан Құсайыновпен "Қолжетімді баспана -2020" бағдарламасын бірігіп жүзеге асыру жөніндегі ынтамақтастық меморандумына қол қойды.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan today. Алматы облысы әкімі Аңсар Мұсаханов жұмыс сапарымен Жетісу өңіріне келген "Қазақстан Тұрғын үй құрылыс Корпорациясы" акционерлік қоғамының төрағасы Руслан Құсайыновпен "Қолжетімді баспана -2020" бағдарламасын бірігіп жүзеге асыру жөніндегі ынтамақтастық меморандумына қол қойды.

2014 жылдың бірінші жартыжылдығында "Қазақстан Тұрғын үй құрылыс Корпорациясы" акционерлік қоғамы еліміздің 4 аймағында 20 тұрғын үй нысанын тапсырады, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

9 қабатты 1 тұрғын үй нысаны. Ал Талдықорған қаласы бойынша құрылыс нысандарының жоба-сметалық құжаттамасы бүгінгі таңда бекітілуде екен.

Шаһарымыздың оңтүстік-батыс бөлігінде тұрғызылатын тұрғын үй кешенінің құрылысы биыл басталмақ. Ал 9 қабатты 20 тұрғын үй, 16 қабатты 4 тұрғын үй жаңа шағын ауданның негізгі құрылыс нысандарына айналмақ.

Келісім-шартқа сәйкес тұрғын үй кешенінің жалпы көлемі 67 мың шаршы метрді құрамақ.

1 шаршы метрдің құны 127 600 теңге шамасында болады деп жоспарлануда. Нақты бағасы мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша шығарылады. Ал жалдамалы баспана жалға алушыға 15 жыл мерзімге беріледі.

Айта кетейік, "Қазақстан Тұрғын үй құрылыс Корпорациясы" акционерлік қоғамы тұрғызған жалдамалы баспана жергілікті әкімдіктің тізімі бойынша беріледі. Сондай-ақ, "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы аясында Корпорация 2014 жылы еліміздің тағы бірнеше аймағында тұрғын үй құрылысын бастамақшы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны