15.04.2014, 20:16 5770

2014 жылы ҮИИД МБ шеңберінде 150 млрд теңге бөлінеді - Е.Досаев

Министрдің ақпараты бойынша, 2014 жылы ҮИИД МБ қаржылай қамтамасыз ету мақсатында 150 млрд. теңге бөлінеді.

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылы ҮИИД МБ шеңберінде 150 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

"Ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін экономиканы әртараптандыру және жаңғыртуды қамтамасыз ету мақсатында 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасын жасақтау аяқталады", - деді Е. Досаев.

Министрдің ақпараты бойынша, 2014 жылы ҮИИД МБ қаржылай қамтамасыз ету мақсатында 150 млрд. теңге бөлінеді.

"Осындай әлеуетті бағдарламалар тізімі 2014 жылдың 1 маусымына дейін жасақталады",- деп Е. Досаев атап өтті.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қалданыстағы келісімшарттарды сақтап қалу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан басқа Орталық Азия аясындағы біздің көршілерімізге, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдеріне қазақстандық экспорттық тауарды жеткізу бойынша жаңа келісімдерге отыру және іздестіру жұмыстары да жүргізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны