14.02.2014, 19:16 3016

2014 жылы Үкіметтің негізгі жұмысы - "Қазақстан-2050" Стратегиясын жүзеге асыру - С. Ахметов

"Стратегиялық экономикалық және әлеуметтік бағыттың орындалу арқасында біз дамудың оң көрсеткішін сақтап қалдық, өткен жылы ЖІӨ 6 пайызды құрады, инфляция деңгейі - 4,8 пайыз", - деді С. Ахметов.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan today. Ағымдағы жылы ҚР Үкіметінің негізгі бағыты Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, мақсаты" Жолдауын жүзеге асыру үшін тапсырмаларды орындау болып табылады. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мәлімдеді.

"Үкіметтің негізгі бағыты - Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, мақсаты" Жолдауын жүзеге асыру үшін тапсырмаларды орындау болып табылады. Оның ішінде 30 дамыған ел қатарына ену мақсаты да бар", - деді С. Ахметов.

ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, 2013 жылы қазақстандық өнімнің экспорты 4,6 пайызға қысқарды.

"Стратегиялық экономикалық және әлеуметтік бағыттың орындалу арқасында біз дамудың оң көрсеткішін сақтап қалдық, өткен жылы ЖІӨ 6 пайызды құрады, инфляция деңгейі - 4,8 пайыз", - деді С. Ахметов.

Сондай-ақ, жұмыссыздық 5,2 пайыз дәрежесінде, негізгі капиталға салынған инвестиция 6,5 пайызға өсті.

"...Экономикалық тұрақтылық пен тұрақты өсу бізге әлеуметтік жаңғырту жылдамдығын сақтап тұруға мүмкіндік береді", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны