06.02.2015, 22:37 4027

2014 жылы заӊды көмек көрсетуге 950 млн теӊге бөлінді - Б.Имашев

2014 жылы кепілді заӊды мемлекеттіӊ көмек көрсету үшін республикалық бюджеттен 950 млн теӊге бөлінді, деп хабарлады бүгін ведомствоныӊ алқа отырысы барысында әділет министрі Берік Имашев

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - 2014 жылы кепілді заӊды мемлекеттіӊ көмек көрсету үшін республикалық бюджеттен 950 млн теӊге бөлінді, деп хабарлады бүгін ведомствоныӊ алқа отырысы барысында әділет министрі Берік Имашев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2014 жылы республикалық бюджеттен кепілді мемлекеттік заӊды көмек көрсету үшін республикалық бюджеттен 950 млн теӊге бөлінді және бюджет қаражатын игеру 100%-ды құрады, 135 мыӊ азаматқа заӊды көмек көрсетілді", - деді Б.Имашев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Бұдан өзге, ол 2012-2014 жылдарға арналған Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында азаматтарды құқықтық ақпараттандыру бойынша тапсырманы мемлекеттік органдар 100% орындағанын атап өтті.

"Бұдан өзге, азаматтардыӊ құқықтық ақпараттандырылуына "Иділет" құқықтық ақпараттық жүйесі мен құқықтық ақпараттық қызмет көмектеседі. 2014 жылы өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда құқықтық ақпараттық қызметке келіп түскен қоӊыраулар саны 30%-ға өсті.

Азаматтар көбіне заӊды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, азаматтық жағдай актілерін тіркеу және басқалары бойынша құқықтық ақпаратқа қызығушылық танытқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны