14.01.2014, 19:32 3835

2014 жылы зейнетақы төлемдерін көбейту үшін 1 трлн теңге қарастырылған - ЕХИҚМ

Республикалық бюджетте 2014 жылы зейнетақы төлемін көбейту үшін 1 трлн теңге қарастырылып отыр, деп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2014 жылғы ең төменгі зейнетақы - 20 782 теңге. Зейнетақының базалық негізі бойынша ол 30 765 теңге немесе 1,6 күнкөріс минимумына тең.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. Республикалық бюджетте 2014 жылы зейнетақы төлемін көбейту үшін 1 трлн теңге қарастырылып отыр, деп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы алатын барлық зейнеткерлер мен атқарушы ведомстволар үшін 9 пайызға жоғарлады. Зейнетақы төлемдерін көбейту үшін 1 трлн теңге қарастырылған", - делінген хабарламада.

2014 жылғы ең төменгі зейнетақы - 20 782 теңге. Зейнетақының базалық негізі бойынша ол 30 765 теңге немесе 1,6 күнкөріс минимумына тең.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің зейнеткерлерінің өмір сүру деңгейін өсіру үшін жыл зайын зейнетақы төлемі өсуде. Оған қоса, жыл сайын жоспар бойынша тұтынушылар индексінің бағасы 2 пайызға өсіп отырады.

ҚР 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық жоспары бойынша тұтынушылар бағасының индексі 6-8 пайызды құрады. Осыған орай, 2012-2014 жылдары зейнетақы төлемі 9 пайызға көтерілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны