10.08.2017, 19:17 5016

2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасыныӊ іске асырылуы туралы

2017 жылдыӊ басынан бастап шетелдік және қазақстандық әуе компаниялар Астанадан Делиге, Варшаваға, Хельсинкиге, Будапештке, Бейжіӊге, Ереванға, Киевке, Батумиге, Минеральные воды мен Сианьға, жалпы 10 жаӊа халықаралық әуе бағытын ашты.

Астана. 10 тамыз. Kazakhstan Today - "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасыныӊ негізгі жобалары республикалық маӊыздағыц автомобиль жолдарыныӊ құрылысы мен реконструкциясы болып табылады.

Жалпы қолданыстағы Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарыныӊ ұзақтығы 96,5 мыӊ шақырымды құрайды(соныӊ ішінде республикалық желі - 23,7 мыӊ км, жергілікті желі - 72,8 мыӊ км.)

Жүргізілген жұмыстар

Жалпы, 2010 жылдан бастап республикалық маӊызы бар автомобиль жолдарыныӊ 5 мыӊ километрінде реконструкция және күрделі жөндеу жүргізілді.

Нәтижесінде қазір республикалық маӊызы бар автомобиль жолдарыныӊ 85 %-ы (2014 жылы - 84 %) және облыстық және аудандық маӊызы бар автомобиль жолдарыныӊ 65 %-ы (2015 жылы - 68 %) жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Жалпы, 2015-2016 жылдарда "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша I және II-техникалық категориялы 1,3 мыӊ км автожол реконструкцияланды.

2015-2016 жылдары автожол жобаларын орындауға 616 млрд. теӊге, оныӊ - 329 млрд. теӊгесі Ұлттық қордан бөлінді.

Бөлінген қаражат толық игерілді және 9 жоба іске асырылды: Батыс Еуропа - Батыс Қытай, Орталық - Оӊтүстік, Орталық - Шығыс, Бейнеу - Ақтау, Алматы - Өскемен, Астана - Петропавл, Жезқазған - Петропавл, Ақтөбе - Атырау және Орал - Каменка.

Жалпы жол-құрылыс жұмыстарымен Қазақстанныӊ 12 аймағындағы 2 мыӊ км қамтылды. Батыс Еуропа - Батыс Қытай транзитті дәлізі, Астана - Теміртау, Алматы - Қапшағай, Қапшағай - Балпық би, Бейнеу - Шетпе және Көкшетау - Петропавл учаскелері бойынша қозғалыс толық ашылды. Сонымен қатар, Павлодар қаласына Ертіс өз. арқылы өтетін ұзақтығы 12 шақырымды құрайтын Орталық Азиядағы еӊ ірі көпір өткелініӊ құрылысы аяқталды.

Биылғы жылы автожолдар реконструкциясына 356,2 млрд. теӊге, оныӊ ішінде Ұлттық қордан 143,5 млрд. теӊге бөлінді.

Орталық - Оӊтүстік, Орталық - Шығыс, Бейнеу - Ақтау,Ақтөбе - Атырау, Қапшағай - Талдықорған, Астана - Петропавл, Орал -Каменка жобаларында құрылыс жұмыстары жалғасты. Олардыӊ жалпы ұзындығы - 1,2 мыӊ шақырым. Бірінші жартыжылдықта осы жобааларда жүргізіліп отырған құрылыс-монтаждық жұмыстардыӊ жылдық мөлшерініӊ 32%-ы орындалды. Жыл қорытындысы бойынша 602 шақырым жол құрылысын аяқтау жоспарланған, оныӊ ішінде Бейнеу-Ақтау және Алматы-Талдықорған автожолдары құрылысы толығымен аяқталады.

Сондай-ақ жалпы ұзақтығы 2,5 мыӊ шақырымды құрайтын Қандыағаш-Мақат, Жетібай-Жаӊаөзен, Құрты-Бурылбайтал, Талдықорған-Өскемен, Меркі-Бурылбайтал, Қалбатау-Майқапшағай, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Таскескен-Бақты, Осиновски асуы, Щучинск-Зеренді жаӊажобаларды іске асыруды бастадық.

Сондай-ақ, жыл соӊына дейін Ақтөбе-Қандыағаш, Атырау-Астрахань, Ұзынағаш-Отар, Астананыӊ Оӊтүстік-Батыс айналма жолын және жалпы ұзақтығы 0,7 км болатын Қостанай - Денисовка жобалары бойынша келісімдерді бекітіп, дайындық жұмыстарын бастау жоспарланған.

Жалпы, құрылыс және реконструкция жұмыстары 4,4 мыӊ шақырым жолда жүргізіліп, оған 100 мыӊнан астам адам жұмылдырылады.

Еліміздіӊ шығысында, Қытай шекарасы маӊындағы аумақта "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА (Арнайы Экономикалық аймақтар) базасында 2015 жылы "Құрғақ порттыӊ" және инфрақұрылымныӊ құрылысы аяқталды.

Қытай шекарасындағы екі теміржол өтпесі мен "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автомагистралін технологиялық үйлестіруде Құрғақ порт қуатты көлік-логистикалық хабқа айналды. Бұл Қытайдан Еуропаға, сондай-ақ Орталық Азия елдері, Түркия және Парсы шығанағы елдеріне жүк ағынын тиімді таратуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрғақ порттыӊ жалпы аумағы 129 гектар, ол логистикалық (224,9 га) және индустриялық (224,4 га) аймақтармен байланыстырылған. Бұл жоба контейнер өӊдеу үшін ұтымды шешім болып табылады және кіргізілген тауарларды одан әрі өндірістік өӊдеу үшін жаӊа мүмкіндіктер ашады.

"Құрғақ портты" пайдалануға берілген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 150 мыӊ ЖФЭ жүк өӊделді.

Бүгінгі күнге "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА-да 69 қатысушы тіркелді және 200-ге жуық жұмыс орны ашылды.

Теміржол саласындағы транзиттік әлеуетті арттыру бойынша алға қойылған міндеттерді іске асыру аясында жалпы ұзақтығы 112,37 км Алматы - Шу учаскесінде екінші жол желісін салу бойынша жоба іске асырылуда.

Осылайша, өткен жылдыӊ желтоқсанында екінші жолдыӊ 53 шақырымын қамтитын жобаныӊ бірінші іске қосу кешені іске қосылған. Биылғы желтоқсан айында екінші жолдыӊ 59 шақырымын қамтитын жобаныӊ екінші іске қосу кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, жобаны іске асыру учаскеніӊ өткізу қабілетін тәулігіне 17-ден 68 жұп пойызға дейін ұлғайтуға және пойыздардыӊ жолда жүру уақытын 1,5 есеге қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында Құрық портыныӊ паромдық кешенін теміржолмен қосатын құрылысы аяқталды.

2016 жылдыӊ желтоқсанында Құрық портында қуаттылығы 4 млн. тонна болатын теміржол паромдық кешені іске қосылды. Бүгінгі таӊда 420 мыӊ тонна жүк ауыстырып тиелді. Биылғы жылдыӊ соӊына дейін аталған терминал арқылы шамамен 1 млн. тонна жүктіӊ ауыстырылып тиелуі жоспарланып отыр.

Биыл қуаттылығы 2 млн. тонна болатын паромдық кешенін автомобиль жолымен қосатын құрылысы басталды. Жобаныӊ құны 67 млрд. теӊге, оны 2018 жылы аяқтау жоспарлануда. Аталған мақсаттарға биыл 50 млрд. теӊге бөлінді, қазіргі таӊда оныӊ 15 млрд. теӊгесі игерілді.

Жалпы алғанда, 2020 жылға қарай теӊіз порттарыныӊ қуаттылығын 26 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Биылғы жылдыӊ 31 мамырында Астана қаласы әуежайыныӊ жаӊа жолаушылар терминалы пайдалануға берілді. Оныӊ аумағы 47 000 м2 құрайды. Жиынтық өткізу қабілеті -жылына 8,2 млн жолаушы немесе 2525 жол/ сағ құрайтын болады.

Пайдалануға берілген сәттен бастап 19 шетелдік әуе тасымалдаушысыныӊ ("LOTPolish Airlines", "WizzAir", "FinnAir", "Air China", "Lufthansa", "Air Arabia" жәнет.б). халықаралық рейстеріне қызмет көрсетіледі.

2017 жылдыӊ қаӊтар-маусым кезеӊінде транзиттік ұшу 2016 жылдыӊ (81,3 млн. сам-км) сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 3%-ға артып, 83,8 млн. сам-км өскені байқалады.

"ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу кезеӊінде барлық шетелдік әуе тасымалдаушылар үшін Астанаға аптасына 7 рейске дейін орындау құқығы берілді.

2017 жылдыӊ басынан бастап шетелдік және қазақстандық әуе компаниялар Астанадан Делиге, Варшаваға, Хельсинкиге, Будапештке, Бейжіӊге, Ереванға, Киевке, Батумиге, Минеральные воды мен Сианьға, жалпы 10 жаӊа халықаралық әуе бағытын ашты.

Қазіргі уақытта 96 халықаралық бағыт бар.

Семей қаласы әуежайныӊ аэровокзалы мен жермен жүру жолдарын, ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары жалғасуда.

2020 жылға дейін Қостанай мен Өскемен қалалары әуежайыныӊ ұшу-қону жолақтарын реконструкциялау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны