17.06.2014, 20:13 3415

2015 жылдан бастап жоғары санатты ұстаздардың жалақысы 33%-ға өседі - ЕХИҚМ

Қазақстанда 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғары санатты ұстаздардың жалақысы өседі. Бұл туралы бүгін Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева мәлім етті.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанда 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғары санатты ұстаздардың жалақысы өседі. Бұл туралы бүгін Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева мәлім етті.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықаралық тәжірибені зерделеп, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісін әзірледі. Еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруді үш кезеңде жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бірінші кезеңде жүйенің негізгі компоненттері жетілдіріледі. Екінші кезеңде еңбекақы төлеу тетігін соңғы нәтижелер бойынша енгізуді көздеп отырмыз. Ал үшінші кезеңде сараланған үстемақы енгізу мүмкіндігі қарастырылмақ. ", - деді А.Құрманғалиева.

Ведомствоның жауапты хатшысы атап өткендей, азаматтық қызметшілердің 4 қызметтік блогын бөлу қарастырылған, олар кәсібилік және жауапкершілік деңгейінің өсуіне сай қарастыратын болады.

"Аталмыш жүйе бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұстаздардың жалақысы 91 494 теңгені құрайтын болады. Жалақы өсу пайызы 33 -ке тең", - деді ол.

Жаңа жүйе мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлеріне еңбекақы төлеу деңгейі арасындағы алшақтықты қысқартады. Ұстаздар, дәрігерлер еңбегінің мәртебесін көтереді деген үміттеміз, деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны