21.07.2015, 09:58 3218

2015 жылдыӊ 12 тамызында "Қарасу" сауда-өнеркәсіптік компаниясы" ЖШС қазақы ақбас және әуликөл тұқымдас асыл тұқымды ІҚМ сату мақсатында кезекті "KARASU Farm-2015" аукционын өткізеді.

Астана. 21 Шілде. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 12 тамызында "Қарасу" сауда-өнеркәсіптік компаниясы" ЖШС (Қостанай облсы, Қарасу ауданы, Восток кенті) қазақы ақбас және әуликөл тұқымдас асыл тұқымды ІҚМ сату мақсатында кезекті "KARASU Farm-2015" аукционын өткізеді. "Казагромаркетинг" АҚ осы шараны қоса өткізетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аукцион барысында барлығы 60 бас асыл тұқымды ірі қара мал саудаға шығарылатын болады, оныӊ 20 басы әулиекөл тұқымдас қашарлар, 10 басы қазақы ақбас тұқымдас қашарлар, 30 басы қазақы ақбас тұқымдас тайыншалар.

Барлық асыл тұқымды тайыншалардыӊ өнімділігін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университитеніӊ ғылыми қызметкерлері бағалаған.

Саудаға шығарылатын асыл тұқымды тайыншалар еттерініӊ айрықша сапалығымен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. Тәулігіне шамамен алғанда 900-1000 граммнан салмақ қосып отырғанда, 15 айлық тайыншалардыӊ салмағы 450-480 келіге дейін жетеді.

Саудаға шығарылған асыл тұқымды қашарлардыӊ салмағы 12-13 айда 300 келіден 340 келіге дейін жетеді.

Шаруашылықтағы мал асылдандыру жұмыстары жануарлардыӊ етттерініӊ сапасын ұдайы жетілдіруге бағытталған.

Бұл мақсатта шаруашылық таза текті асылдандырумен қатар, герефордтармен шағылыстыру әдістерін пайдаланады.

Қазақы ақбас тұқымдас ірі қара малдыӊ негізгі артықшылықтары:

И ІҚМ түрлі ауруларына шыдамдылығы;

И елдіӊ кез келген өӊіріне бейімделуі;

И шыдамды;

И азық талғамайды;

И сапалы еті.

Сонымен қатар, өткізілетін аукцион барысында "Казагромаркетинг" АҚ IT- мамандары ұйымдастырған "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" (АЖБ) Web-порталымен және Мал шаруашылығындағы ақпараттық-талдамалық жүйемен (АТЖ) жұмыс істеу бойынша семинар өткізіледі.

"Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" (АЖБ) Web-порталы Web-порталы жануарларды санаққа алып, міндетті түрде жануарға тиесілі жеке нөмірін және ветеринарлық паспортты берумен, жануарлар туралы ақпаратты (жынысы, тұқымы, жасы, жануар иесі туралы мәлімет) онлайн жүйесіне енгізумен айналысады.

Бұл жүйеніӊ мақсаты эпизоотиялық жағдайды қалыпты ұстау, мал шаруашылығы шикізаты мен өнімдерініӊ санитарлы-ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылық жануарларыныӊ денсаулығын, олардыӊ орнын ауыстыруын бақылау және қадағалау.

Жүйеде ауылшаруашылық жануарларыныӊ есебі ауылдық округтер мен аудандар, облыстар көлемінде жүргізіледі. Соныӊ ішінде жануарлардыӊ түрлері мен тұқымдары көрсетіледі. Жануарлардыӊ есебі жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүзеге асырылады: жануарларды бірдейлендіру ережелеріне сәйкес кез келген ауылдық округтіӊ/ауданныӊ/облыстыӊ ветеринария дәрігері жануарды есепке алып, жеке нөмірін береді немесе есептен шығарады. Жануарларды бірдейлендіру жүйесінде ветеринар онлайн режимінде ауылшаруашылық жануарлар туралы ақпаратқа қол жеткізе алады және профилактикалық шараларды іске асыру, жануарлардыӊ ауруларын анықтау мақсатында диагностикалық зерттеулер жүргізгені туралы мәлімет енгізеді.

Мал шаруашылығындағы ақпараттық-талдамалық жүйе - асылдандыру және селекциялық мақсатында өткізілген жұмыстардыӊ бірегей ақпараттық базасын құру үшін пайдаланылатын отандық веб-жүйе (бағдарламалық өнім).

Жүйе асыл тұқымды жануарлар, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілері және ірі көлемдегі селекциялау үрдісіне тартылған жануарлар туралы туралы мәліметтерді жинаумен және өӊдеумен айналысады. Табынды басқару, жетілдіру және жануарлардыӊ генетикалық әлеуетін арттыру үшн пайдаланылады.

Аукцион бағдарламасында, сондай-ақ, шаруашылықта бірнеше жылдар бойы қолданылып келе жатқан биогаздық қондырғыныӊ жұмысын көрсету жоспарланған. Қондырғы жылына 16 мыӊ тоннаға дейін мал шаруашылығы кешенініӊ табиғи қалдықтарын қайта өӊдеп, 800 мыӊ текше метр биогаз, 5 мыӊ тоннадан артық сұйық және 8 мыӊ тоннадан артық қатты тыӊайтқыштар өндіруге, сонымен қатар, электр және жылу энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны