30.04.2015, 21:57 7917

2015 жылдыӊ 21-28 сәуірі аралығында негізгі азық-түлік бағалары қалай өзгерді?

Астанада бидай жармасы 12%-ға 143-тен 126 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Бұл да сатылымда қаптан өлшеніп сатылатын арзан өнім мөлшері артуыныӊ орташа баға көрсеткіштерініӊ арзандауына әсер етуімен түсіндіріледі. Көтерме сауда бағалары өзгерген жоқ - 55 теӊге.

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 21-28 сәуірі аралығында "Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген бөлшек сауда бағаларыныӊ мониторингі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қарастырылып отырған уақыт ішінде бакалея өнімдері арасында:

- Астанада арпа жармасыныӊ бағасы 13%-ға 126-дан 110 теӊге/кг-ға дейін төмендеді. Сатылымда қаптан өлшеніп сатылатын арзан өнім мөлшерініӊ артуы орташа баға көрсеткіштерініӊ арзандауына әсер етті. Көтерме сауда бағалары өзгерген жоқ - 55 теӊге;

- Астанада бидай жармасы 12%-ға 143-тен 126 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Бұл да сатылымда қаптан өлшеніп сатылатын арзан өнім мөлшері артуыныӊ орташа баға көрсеткіштерініӊ арзандауына әсер етуімен түсіндіріледі. Көтерме сауда бағалары өзгерген жоқ - 55 теӊге.

Ет және сүт өнімдері арасында айтарлықтай баға өзгерісі (10%-дан артық) анықталған жоқ.

Жеміс-көкөніс өнімдері арасында келесі өзгерістер анықталды:

- Шымкентте қияр бағасы 18%-ға 400-ден 330 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Нарықтыӊ отандық өндірушілердіӊ арзан жылыжай өнімімен қанығуы бағалардыӊ төмендеуіне әкелді. Көтерме сауда бағалары 20%-ға 350-ден 280 теӊге/кг-ға дейін арзандады;

- Өскеменде қияр 12%-ға 452-ден 507 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Баға өсімі өнім жеткізілімініӊ азаюымен (жолдарды судыӊ басуы себебінен) және көтерме бағалардыӊ 41%-ға 295-тен 417 теӊге/кг-ға дейін артуымен түсіндіріледі;

- пияз бағасы Өскеменде 13%-ға 135-тен 153 теӊге/кг-ға дейін, Шымкентте 12% -ға 89-дан 100 теӊге/кг-ға дейін, Оралда 11%-ға 98-ден 109 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Бұл өнім қорыныӊ азаюы мен көкөністі сақтауға кеткен шығынныӊ артуына байланысты орын алған маусымдық баға өсімі болып табылады. Бір апта ішінде көтерме бағалар Өскеменде 3%-ға 131-ден 135 теӊге/кг-ға дейін, Шымкентте 13%-ға 80-нен 90 теӊге/кг-ға дейін, Оралда 11%-ға 84-тен 93 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады;

- Атырауда картоп 16%-ға 122-ден 103 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Бағалардыӊ төмендеуі нарықтыӊ өніммен қанығуы мен сұраныстыӊ төмендеуімен түсіндіріледі. Көтерме бағалар керісінше бір апта ішінде 3%-ға 97-ден 100 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады;

- қырыққабат бағасы Петропавлда 26%-ға 115-тен 145 теӊге/кг-ға дейін, Павлодарда 23%-ға 110-нан 135 теӊге/кг-ға дейін, Оралда 17%-ға 109-дан 128 теӊге/кг-ға дейін, Қостанайда 16%-ға 110-нан 128 теӊге/кг-ға дейін және Астанада 12%-ға 129-дан 144 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Өнім қорыныӊ азаюы мен көкөністі сақтауға кеткен шығынныӊ артуына байланысты орын алған маусымдық баға өсімі. Сонымен бірге, бағаныӊ өсуіне сатылымда қымбат импортты ерте пісетін сұрыптардыӊ пайда болуы да әсер етті;

- сәбіз Көкшетауда 37%-ға 95-тен 130 теӊге/кг-ға дейін, Өскеменде 21%-ға 110-нан 133 теӊге/кг-ға дейін, Астанада 14%-ға 111-ден 127 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Өнім қорыныӊ азаюымен түсіндірілетін маусымдық баға өсімі. Бір апта ішінде көтерме бағалар Көкшетауда 38%-ға 80-нен 110 теӊге/кг-ға дейін, Өскеменде 26%-ға 97-ден 122 теӊге/кг-ға дейін, Астанада 24%-ға 85-тен 105 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады.

"Қазагромаркетинг" АҚ апта сайын әр сейсенбі күні азық-түлік тағамдарыныӊ 66 түрі бойынша еліміздіӊ барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында баға мониторингін өткізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны