10.04.2015, 10:23 4752

2015 жылдыӊ 31 наурызы - 7 сәуірі аралығында негізгі азық-түлік бағалары қалай өзгерді?

Аталған мерзім ішінде бакалея, сүт және ет өнімдері бағасыныӊ айтарлықтай өзгерісі (10%-дан артық) байқалмады.

Астана. 10 сәуір. Kazakhstan Today - "Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдыӊ 31 наурызы - 7 сәуірі аралығында бөлшек сауда бағаларыныӊ төмендегідей өзгерісін анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған мерзім ішінде бакалея, сүт және ет өнімдері бағасыныӊ айтарлықтай өзгерісі (10%-дан артық) байқалмады.

Жеміс-көкөніс өнімдерініӊ бағасы мынадай өзгерістерге ұшырады:

- Шымкентте қияр 13%-ға 353-тен 400 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Баға өсіміне өнімніӊ Өзбекстаннан әкеліну көлемініӊ азаюы мен көтерме сауда бағаларыныӊ 35%-ға 260-тан 350 теӊге/кг-ға дейін қымбаттауы себеп болды.
- Ақтөбеде қияр керісінше 10%-ға 510-нан 457 теӊге/кг-ға дейін арзандап отыр. Бағаныӊ төмендеуіне өнімді жеткізу көлемініӊ артуы мен көтерме сауда бағасыныӊ 5%-ға 420-дан 400 теӊге/кг-ға дейін түсуі себеп болды;
- Атырауда орамжапырақ 10%-ға 100-ден 90 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Оған өнімді жеткізу көлемініӊ артуы мен көтерме сауда бағасыныӊ 8%-ға 95-тен 87 теӊге/кг-ға дейін түсуі себеп болды;
- Астанада мандариндер 14%-ға 400-ден 457 теӊге/кг-ға дейін қымбаттап отыр. Баға өсіміне сатылымда арзанырақ Пәкістаннан әкелінетін өнімніӊ азаюы мен көтерме сауда бағасыныӊ 25%-ға 235-тен 293 теӊге/кг-ға дейін көтерілуі себеп болды;
- Қарағандыда лимон 10%-ға 502-ден 452 теӊге/кг-ға дейін арзандап отыр. Бағаныӊ төмендеуіне өнімге деген тұтынушылық сұраныстыӊ азаюы мен саудагерлердіӊ үстеме бағаны азайтуы себеп болды;

Балық өнімдері бағасы мынадай өзгерістерге ұшырады:

- Шымкентте мөӊке 11%-ға 270-тен 300 теӊге/кг-ға дейін қымбаттап отыр. Баға өсіміне көтерме сауда бағасыныӊ 14% 220-дан 250 теӊге/кг-ға дейін көтерілуі мен балық аулауға тыйым салынатын кезеӊніӊ басталуы себеп болды;
- Шымкентте сазан 11%-ға 450-ден 500 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Баға өсіміне көтерме сауда бағасыныӊ 14% 350-ден 400 теӊге/кг-ға дейін көтерілуі мен балық аулауға тыйым салынатын кезеӊніӊ басталуы себеп болды;
- Өскеменде шортан 20%-ға 250-ден 300 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Баға өсіміне өнімді жеткізу көлемініӊ азаюы мен сатылымда тауардыӊ азаюы себеп болып отыр.

"Қазагромаркетинг" АҚ апта сайын әр сейсенбі күні азық-түліктіӊ 66 түрі бойынша еліміздіӊ барлық облыстарында және Астана, Алматы қалаларында баға мониторингін жүргізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны