09.09.2015, 10:58 4149

2015 жылдыӊ 8 айында мұнай өндіру 53,4 млн тоннаны құрады - Ұ.Қарабалин

Қазақстанда ағымдағы жылдыӊ 8 айында өндірілген мұнай 53,4 млн тоннаны құрады, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин

Астана. 9 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда ағымдағы жылдыӊ 8 айында өндірілген мұнай 53,4 млн тоннаны құрады, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Алдын ала мәлімет бойынша, ағымдағы жылдыӊ 8 айында өндірілген мұнай 53,4 млн тоннаны құрады, яғни 2014 жылдыӊ сәйкес мерзіміне 99,6 пайызды және жоспарға 99,4 пайызды құрады", - деді Ұ.Қарабалин, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Сондай-ақ, ол ағымдағы жылдыӊ ақпан айында энергетика министрлігі облыс әкімдіктерімен және мұнай өндірушілерімен бірге әлеуметтік дамуды қолдау бойынша жұмыс орындарын сақтау туралы меморандумдар жасасқанын айтып өтті.

"Министрлік жүргізген жер қойнауын пайдаланушылар кадрларындағы жергілікті қамту динамикасын талдау көрсеткендей, 2015 жылдыӊ 1 тоқсанымен салыстырғанда сала қызметкерлерініӊ саны азғантай - 0,4%-ға қысқарды. Яғни, бірінші тоқсандағы 117625 адамнан екінші тоқсанда 117127 адамға дейін", - деп баса айтты ол.

Оған қоса, кадрлардыӊ айтарлықтай қысқаруы компанияны қайта құрылымдау есебінен NCOC компаниясында байқалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны