18.06.2015, 09:32 3429

2015 жылдыӊ басынан бері АӨК субъектілерініӊ өтінімдері бойынша инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында 1,2 млрд. теӊге көлеміндегі субсидиялардыӊ төленуі мақұлданды

Астана. 18 Маусым. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ басынан бері АӨК субъектілерініӊ өтінімдері бойынша инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында 1,2 млрд. теӊге көлеміндегі субсидиялардыӊ төленуі мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

Белгілі болғандай, инвестициялық субсидиялар еліміздіӊ агроөнеркәсіптік кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға кеткен инвесторлар шығындарыныӊ 20-дан 80%-ға дейінгі үлесін өтеуге бағытталады. Бұл бағдарлама аясында агроөнеркәсіптік кешенніӊ басымды салаларында жаӊа өндірістік қуаттар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеӊейту мақсатында сатып алынған техника мен құрал-жабдықтардыӊ, сонымен қатар іске асырылған құрылыс-монтаж жұмыстарыныӊ құны ішінара өтеледі. Жалпы бағдарлама бойынша агроөнеркәсіптік кешенніӊ 18 өндірістік бағыты қамтылған.

Бағдарлама шарттарына сәйкес ағымдағы жылдыӊ 1 шілдесіне дейін өтінімдер 5 басымды бағытты қамтитын бірінші топ бойынша қабылданады. Бірінші топқа енетін бағыттар - ірі қара малдыӊ тауарлы фермаларын кеӊейту және техникалық жарақтандыру, сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеӊейту, сыйымдылығы 3000 мал орнынан кем емес бордақылау алаӊдарын құру және кеӊейту, жемшөп өндірісі бойынша кәсіпорындар/шаруашылықтар құру және кеӊейту және жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын салу (құдықтар, ұӊғымалар).

Ал ағымдағы жылдыӊ 1 шілдесінен кейін өтінімдер агрокешенніӊ тағы 13 бағытын қамтитын екінші топ бойынша да қабылдана бастайды.

"Қазагромаркетинг" АҚ бағдарлама операторы болып табылады. Оператордыӊ міндеттеріне инвесторлардан бағдарламаға қатысуға өтінімдер қабылдау, инвесторлардыӊ ұсынған құжаттарыныӊ субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру, инвестор жобасыныӊ субсидиялау шарттарында бекітілген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы ұсыныстар дайындау және инвесторлардыӊ өтініштерін қарау және инвестициялық субсидияларды ұсыну/ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдауға құзыретті алқалы орган - комиссияныӊ отырысын шақыру енеді.

Аталған комиссиялардыӊ құрамына облыстар мен Астана қаласыныӊ жергілікті атқару органдарыныӊ өкілдері кіреді.

Инвестициялық субсидиялар тек қана жаӊа, бұрын пайдаланылмаған техника мен жабдықтар сатып алынған жағдайда төленеді.

Барлығы биыл бағдарлама операторы "Қазагромаркетинг" АҚ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында 465 өтінім қабылдады. Олардыӊ ішінде 405 өтінім бойынша субсидиялардыӊ төленуі мақұлданды. Мақұлданған өтінімдер бойынша жобалардыӊ жалпы құны 3,4 млрд. теӊгені құрайды. Төленуі мақұлданған субсидия көлемі 1,2 млрд. теӊгеге теӊ. Барлық жобалар 2014 жылдыӊ бірінші қаӊтарынан бастап іске қосылған.

Бағдарламаға еліміздіӊ 13 облысы мен Астана қаласыныӊ АӨК субъектілері қатысып отыр. Жуық арада өтінімдер Атырау облысында да қабылдана бастайды.

Биыл мақұлданып үлгірген өтінімдердіӊ көбісі Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оӊтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарына тиесілі.

Мақұлданған өтінімдердіӊ көбісі мынадай бағыттарға тиесілі:

1. "Ірі қара малдыӊ тауарлы фермаларын кеӊейту және техникалық жарақтау" - 290 өтінім;

2. "Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын салу (құдықтар, ұӊғымалар)" - 60 өтінім;

3. "Сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеӊейту" - 46 өтінім.

Мақұлданған өтінімдер бойынша субсидиялардыӊ неғұрлым көп бөлігі мына салаларға бағытталады:

1. "Ірі қара малдыӊ тауарлы фермаларын кеӊейту және техникалық жарақтау" - 632 млн. теӊге;

2. "Сыйымдылығы 3000 мал орнынан кем емес бордақылау алаӊдарын құру және кеӊейту" - 185 млн. теӊге;

3. "Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын салу (құдықтар, ұӊғымалар)" - 158 млн. теӊге.

Еске сала кетсек, инвестициялық субсидиялау елімізде алғаш рет "Агробизнес-2020" бағдарламасы аясында былтырдан бері жүзеге асырыла бастады.

"Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ (Астана, Алматы ққ., облыс орталықтары мен 160 ауданда орналасқан) аймақтық желісі мен сall-орталығыныӊ негізінде (8 800 080 70 80 нөмірі бойынша) ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін инвестициялық субсидиялауға қатысты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған (Қазақстан бойынша стационарлық және ұялы телефондардан қоӊырау шалу тегін).

"Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны