26.01.2015, 19:33 3975

2015 жылдыӊ мамырында ЕАЭО электр энергетикасы нарығыныӊ тұжырымдамасын қабылдау жоспарланған - В.Школьник

2015 жылдыӊ мамыр айында ЕАЭО Электр энергетикасыныӊ тұжырымдамасы қабылданады деп жоспарланған, деп мәлімдеді Қазақстан Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағаты барысында ҚР энергетика министрі Владимир Школьник

Астана. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ мамыр айында ЕАЭО Электр энергетикасыныӊ тұжырымдамасы қабылданады деп жоспарланған, деп мәлімдеді Қазақстан Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағаты барысында ҚР энергетика министрі Владимир Школьник, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2014 жылдыӊ мамырында ЕАЭО туралы келісімге қолы қойылды, соныӊ аясында 2019 жылдан бастап жалпы электр энергетикасы нарығын құру күтілуде. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін мамыр айында электр энергиясыныӊ ортақ нарығыныӊ тұжырымдамасы қабылданады. Ол техникалық мүмкіндік аясында электр энегргиясы нарығыныӊ барлық қатысушыларына мемлекетаралық табыстау жүйесін құруды қамтамасыз етеді", - деді В.Школьник, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Сонымен бірге, оныӊ айтуынша, тұжырымдаманыӊ басты міндеті елдіӊ ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету болмақ.

Бұдан өзге, Екібастұздан Қытайдыӊ Шыӊжаӊ-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Хами қосалқы бекетіне дейінгі кернеуі 800 КВт болатын жоғары желілі тоқ құрылысы арқылы электр энергиясы әлеуетініӊ экспортын кеӊейту мәселелері қарастырылуда.

"Бұл 6 ГВт-қа дейінгі электр энергиясын Қытайға жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таӊда келіссөздер жүргізілуде. Бұл экспортқа айтарлықтай өсім береді", - деп баса айтты министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны