13.05.2014, 21:21 3552

2015 жылдың мамырында Қазақстанның Ұлттық банкі еліміздің 2020 жылға дейінгі ақша-несие саясатының тұжырымдамасын ұсынады

"2015 жылдың мамырына дейін бес жылдық перспективаға, яғни 2020 жылға дейінгі "Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары" атты құжат жасап шығарамыз", - деді Қ. Келімбетов.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. ҚР Ұлттық банкі 2015 жылдың мамырына қарай еліміздің 2020 жылға дейінгі ақша-несие саясатының негізгі бағыттарынан тұратын құжат әзірлейді, деп хабарлады бүгін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ брифингінде.

"2015 жылдың мамырына дейін бес жылдық перспективаға, яғни 2020 жылға дейінгі "Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары" атты құжат жасап шығарамыз", - деді Қ. Келімбетов.

Ол құжаттың екінші деңгейлі банктермен, сақтандыру ұйымдарымен және қаржы институттарымен бірге Ұлттық банктің жасайтынын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны