03.04.2014, 20:36 3300

2015 жылдың соңына дейін Қызылордада жолаушылар терминалы іске қосылады

Алдын ала мәлімет бойынша жобаның құны 6,2 млрд. теңгені құрайды. Терминал құрылысы келер жылы бітеді деп жоспарланып отыр.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan today. 2015 жылдың соңына дейін Қызылордада жолаушылар терминалы іске қосылады. Алдын ала мәлімет бойынша жобаның құны 6,2 млрд. теңгені құрайды. Терминал құрылысы келер жылы бітеді деп жоспарланып отыр.

2013 жылы облыс әкімдігінің бастамасымен бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен сағатына 150 жолаушы жібере алатын жаңа жолаушы терминалын салу жоспарланған болатын, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

"Бүгінде оның техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде", - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытбек Жұпарбеков.

Ұлттық және шетелдік компаниялар қазірдің өзінде терминалдың салынуын күтпестен Қызылорда әуежайы арқылы халықаралық әуе рейстерін орындауға қызығушылық танытып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны