03.10.2012, 16:36 3667

2015 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну көлемі 100,9 млрд. кВт/с-ты құрамақ

Оның сөзінше, еліміз экономикасының әрі қарай дамуын қамтамасыз ету үшін электр энергиясын өндіру көлемін 2030 жылға қарай 150,2 млрд. кВт/с-ға дейін жеткізу қажет. Онда 2030 жылға қарай ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз ете отырып, экспорт әлеуеті 6 млрд. кВт/с-ны құрайтын болады.

Астана. 3-қазан. Kazakhstan Today - 2015 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну көлемі 100,9 млрд. кВт/с-ті, ал 2030 жылы 144,7 млрд. кВт/с-ті құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы KAZENERGY VII Еуразиялық форумында "Самұрық-Энерго" АҚ-ның басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлім етті.

Оның сөзінше, еліміз экономикасының әрі қарай дамуын қамтамасыз ету үшін электр энергиясын өндіру көлемін 2030 жылға қарай 150,2 млрд. кВт/с-ға дейін жеткізу қажет. Онда 2030 жылға қарай ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз ете отырып, экспорт әлеуеті 6 млрд. кВт/с-ны құрайтын болады.

Осы орайда аталған жоспарларды жүзеге асыру мақсатында 2030 жылға дейін қолданыстағы қуаттарды қалпына келтіру және жаңа нысандардың құрылысы ескеріліп отыр. Оның ішінде таза көмір технологиясымен пайдаланылатын жылу электр стансаларының қуаты 7,2 ГВт-ға артады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны