29.06.2015, 09:58 3617

2015 жылғы 1 маусымға БЖЗҚ қызметініӊ қорытындысы

2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қызметті қосқан кезден бастап (2015 жылғы ақпан), e-gov электрондық үкімет порталы арқылы салымшылар (алушылар) инвестициялық табыс есебімен инвестициялық жинақтарыныӊ жай-күйі туралы ақпарат қамтылған 26 000 астам үзінді көшірмелер алды

Астана. 29 Маусым. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қызметті қосқан кезден бастап (2015 жылғы ақпан), e-gov электрондық үкімет порталы арқылы салымшылар (алушылар) инвестициялық табыс есебімен инвестициялық жинақтарыныӊ жай-күйі туралы ақпарат қамтылған 26 000 астам үзінді көшірмелер алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ағымдағы жылдыӊ 1 маусымына 300 000 адам электрондық пошта арқылы ЖЗШ-нан және 400 000 адам - Қордыӊ веб-сайтынан ақпарат алу тәсілдерін таӊдады.

Сонымен қатар смартфондар мен планшеттер үшін ENPF мобильді қосымшасын жүктеудіӊ саны артты. 2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қосымша 42 300 астам рет жүктелді.

Ағымдағы жылдыӊ 1 маусымдағы жағдайы бойынша БЖЗҚ-ныӊ негізгі көрсеткіштері:

- шарттардыӊ барлық түрлері бойынша салымшылардыӊ (алушылардыӊ) жеке зейнетақы шоттарыныӊ (ЖЗШ) саны 10 014 027 бірлікті құрады;

- зейнетақы жинақтарыныӊ жалпы сомасы 4,85 трлн. теӊгеден асты;

- 2015 жылдыӊ бес айы үшін БЖЗҚ алған және салымшылардыӊ (алушылардыӊ) ЖЗШ-на үлестірілген инвестициялық табыс 121,82 млрд. теӊгені құрады.

2015 жылғы 5 ай үшін зейнетақы төлемдерініӊ сомасы 64,57 млрд. теӊгені, оныӊ ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар 6,31 млрд. теӊге құрады.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша шарттарды жасасу бойынша жұмыс жалғасуда. 2015 жылғы 1 маусымға БЖЗҚ-да жинақтардыӊ 40,9 млрд. теӊге жалпы сомасымен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша 369 567 ЖЗШ ашылған.

БЖЗҚ өӊірлік желісінде 236 қызмет көрсету кеӊселері бар. Өӊірлік құрылымға 18 филиал кіреді - әрбір облыс орталығында және республикалық мәні бар қалаларда (Алматы және Астана), сондай-ақ облысқа бағынышты ірі қалаларда (Жезқазған және Семей). БЖЗҚ қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында қызмет көрсетіп отырған кеӊселердіӊ жұмысына және салымшылардыӊ (алушылардыӊ) жүгінулер санына талдау жасайды, өӊірлердегі кеӊселердіӊ жеткіліктілігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

2014 жылы зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпарат алу үшін БЖЗҚ-ға, Қор кеӊселеріне 3 миллионнан астам адам жүгінді. Ағымдағы жылдыӊ бес айы үшін қор кеӊселеріне шамамен 1 940 000 адам жүгінді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны