03.02.2015, 11:53 4117

2015 жылғы қаӊтарда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 10,3%-ға төмендеді

2015 жылғы қаӊтарда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 17,3%, өӊдеу өнеркәсібінде - 0,5%-ға төмендеді. Өндірілген өнімге баға - 11,5%-ға төмендеді, өндірістік сипаттағы қызметтерге - 1,8%-ға жоғарылады

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылғы қаӊтарда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 17,3%, өӊдеу өнеркәсібінде - 0,5%-ға төмендеді. Өндірілген өнімге баға - 11,5%-ға төмендеді, өндірістік сипаттағы қызметтерге - 1,8%-ға жоғарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылғы қаӊтарда бағаныӊ газ конденсатына - 22,7%, мұнайға - 20,6%, сұйытылған пропан мен бутанға - 8,2%, бензинге - 0,6%, дизельдік отынға - 0,4%-ға төмендеуі, олардыӊ табиғи газға - 0,7%, көмірге - 0,3%-ға жоғарылауы тіркелді.

Бір айда баға қорғасынға - 5,9%, мысқа - 4%, ферроқорытпаларға - 2,1%, қара металдар илегіне - 1,2%-ға төмендеді, асыл металдарға - 3,5%-ға жоғарылады.

Бағаныӊ құс етіне - 1,4%, мал етіне - 0,5%, қарақұмық жармасына - 1%, қара бидай ұнына - 0,8%, бидай ұнына - 0,3%, қантқа - 0,4%-ға төмендеуі, олардыӊ шайға - 1,3%, макарон өнімдеріне - 0,9%, нанға - 0,2%-ға жоғарылауы байқалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігініӊ Статистика комитеті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны