Система Orphus

2015 жылғы қаӊтар-мамырда бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеӊмен салыстырғанда 2,9%-ға жоғарылап 2 254,9 млрд. теӊгеге жетті.

12.06.2015, 13:06 3389

Астана. 12 Маусым. Kazakhstan Today - 2015 жылғы қаӊтар-мамырда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2014 жылғы қаӊтар-мамырға қарағанда 1 219,0 млрд. теӊгені құрады немесе нақты мәні 0,4%-ға артық, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылғы қаӊтар-мамырда базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда нақты мәні 6%-ға жоғарылады, аталған өткізу арнасыныӊ үлесі бөлшек сауданыӊ жалпы көлемінде 45,9%-ды құрады.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданыӊ жалпы көлеміне 65,2%). Азық-түлік емес тауарлардыӊ бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 3,7%-ға өсті, азық-түлік тауарлар 0,8%-ға ұлғайды.

2015 жылғы 1 маусымға бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардыӊ тауарлық қорларыныӊ көлемі 309,9 млрд. теӊгені құрады, саудадағы күндері - 61 күн.

Бөлшек сауданыӊ жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес салмақты 2015 жылы қаӊтар-мамырда республикада Алматы қаласы (28,5%), Астана қаласы (11,1%) және Қарағанды облысы (9,8%) құрады.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны