01.10.2015, 15:01 4358

2015 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасында инфляция 1% құрады

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,6%, ақылы қызметтерге - 0,7%, азық-түлік емес тауарларына - 2%-ға өсті

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,6%, ақылы қызметтерге - 0,7%, азық-түлік емес тауарларына - 2%-ға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткен айда бағаныӊ өсуі бананға 15,8%, қантқа - 13,4%, жұмыртқаға - 10,8%, апельсинге - 6%, кептірілген жемістер мен жаӊғақтарға - 5,1%, лимонға - 3,5%, құс етіне - 2,8%, балық және теӊіз өнімдеріне - 2%, кофе, шай және какаоға - 1,7%, күнбағыс майына - 1,6%, күрішке - 1,4%, жеміс және көкөніс шырындарына - 1,3%-ға, пастерленген, консервіленген сүтке, мәйекті ірімшікке - 1,1%-дан, зәйтүн майына - 0,9%, шикі сүтке - 0,8%, жармаларға - 0,7%-ға, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге, қышқыл сүт өнімдеріне, сүзбеге, кондитерлік өнімдерге - 0,6%-дан белгіленді. Бағаныӊ төмендеуі жаӊа жиналған көкөністерге 10,9%, картопқа - 8,9%, жүзімге - 7%, алмұртқа - 3,4%, алмаға - 1,6%-ға тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге 3,7%, фармацевтикалық өнімдерге - 2%, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 1,8%, киім және аяқ киімге, жуғыш және тазалағыш құралдарға, кеӊсе тауарлары мен сызу құралдарына - 1%-дан, тұрмыстық аспаптарға - 0,9%, тоқыма бұйымдарына - 0,7%, жеке пайдалануға арналған тауарларға - 0,5% құрады. Бензин 13,2%, дизель отыны - 1,1%-ға қымбаттады.

Баға деӊгейі білім беру қызметтеріне 2,3%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру - 1,6%, қонақ үйлер, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 0,5%-дан өсті. Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардыӊ темір жол көлігімен жол жүру ақысы 8,6%-ға қымбаттады, әуе көлігімен - 4,4%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер тарату желілері бойынша тасымалданатын газға 3,4%, суық суға - 2,2%, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 0,6%, электр энергиясына - 0,4%-ға, қоқыс шығару, кәрізге - 0,3%-дан жоғарылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны