01.06.2015, 16:37 4358

2015 жылғы мамырда Қазақстан Республикасында инфляция 0,3% құрады

Баға азық-түлік емес тауарларына өткен айда 0,8%-ға өсті. Азық-түлік тауарларыныӊ және ақылы қызметтердіӊ баға индексі 100%-дан құрады

Астана. 01 Маусым. Kazakhstan Today - Баға азық-түлік емес тауарларына өткен айда 0,8%-ға өсті. Азық-түлік тауарларыныӊ және ақылы қызметтердіӊ баға индексі 100%-дан құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткен айда бағаныӊ өсуі сәбізге 12,9%, қызылшаға - 11,7%, басты пиязға - 6,4%, картопқа - 6%, жүзімге - 3,2%, алмұртқа - 3%, жеміс және көкөніс шырындарына - 2%, жеӊсік тағам балық консервілеріне - 1,6%-ға, кептірілген жемістер мен жаӊғақтарға, темекі өнімдеріне - 1,5%-дан, балалардыӊ тағамдарына - 1,1%, зәйтүн майына - 1%-ға, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне, қара шайға - 0,9%-дан, минералды суға - 0,8%-ға белгіленді. Бағаныӊ төмендеуі қиярға 20,9%, қызанаққа - 11,8%, қырыққабатқа - 9,9%, жұмыртқаға - 6,4%, шикі сүтке - 1,5%, құс етіне - 1,3%, сары майға - 0,8%-ға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 1,1%, спортқа, туризмге және таза ауадағы демалысқа арналған жабдықтарға - 0,8%, шамадандар, жол сөмкелеріне - 0,5%, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 0,4%, киім және аяқкиімге, жеке пайдалануға арналған тауарларға - 0,3%-дан құрады. Бензин 6,9%-ға қымбаттады, дизель отыны - 0,7%-ға арзандады.

Баға деӊгейі кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне 1,4%, шаштараздар мен сұлулық салондары - 0,5%-ға, қонақ үйлер, ойын-сауық және мәдениет саласында - 0,4%-дан өсті. Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардыӊ темір жол көлігіне жол жүру ақысы 7,3%, әуе көлігіне - 3,2%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына 0,2%-ға төмендеді, ал үйді күтіп ұстауға - 0,2%-ға жоғарылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны