01.06.2015, 16:44 4014

2015 жылғы мамырда өнеркәсіп өнімдерін ндіруші кәсіпорындар бағасы 2,2%-ға жоғарылады

Ағымдағы жылғы мамырда сәуірмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 4,1%-ға жоғарылады, өӊдеу өнеркәсібінде - 0,2%-ға төмендеді. Өндірілген өнімге баға - 2,4%, өндірістік сипаттағы қызметтерге - 0,6%-ға жоғарылады

Астана. 01 Маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы мамырда сәуірмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 4,1%-ға жоғарылады, өӊдеу өнеркәсібінде - 0,2%-ға төмендеді. Өндірілген өнімге баға - 2,4%, өндірістік сипаттағы қызметтерге - 0,6%-ға жоғарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткен айда бағаныӊ мұнайға - 5,4%, газ конденсатына - 5,3%-ға жоғарылауы, олардыӊ табиғи газға - 11,7%, металл кендеріне - 1,6%, көмірге - 1%-ға төмендеуі тіркелді.

Баға қорғасынға - 15,7%, мырышқа - 7,7%, асыл металдарға - 2,9%, мысқа - 1,5%-ға жоғарылады, алюминийге - 2,8%, қара металдар илегіне - 0,3%-ға төмендеді.

Бағаныӊ қантқа - 3,3%, өсімдік майына - 2,6%, нанға - 0,4%-ға жоғарылауы, олардыӊ құс етіне - 3%, мал етіне - 1%, күрішке - 2,6%, қарақұмық жармасына - 2,2%, қара бидай ұнына - 1,6%, балыққа - 0,6%, сүт өнімдеріне - 0,4%-ға төмендеуі байқалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны