13.05.2015, 15:53 6238

2015 жылғы мамырда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 455,6 мыӊ адамды, жұмыссыздық деӊгейі 5,0% құрады.

Республика экономикасында 2015 жылғы мамырда, бағалау бойынша 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеӊге қарағанда олардыӊ саны 48,6 мыӊ адамға немесе 0,6%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердіӊ саны аталған кезеӊде 6,1 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардыӊ жалпы санынан 71,2%) құрады

Астана. 13 Мамыр. Kazakhstan Today - Республика экономикасында 2015 жылғы мамырда, бағалау бойынша 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеӊге қарағанда олардыӊ саны 48,6 мыӊ адамға немесе 0,6%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердіӊ саны аталған кезеӊде 6,1 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардыӊ жалпы санынан 71,2%) құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылғы I тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардыӊ жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 76,5%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар - 23,5% құрады.

2015 жылғы мамырда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 455,6 мыӊ адамды, жұмыссыздық деӊгейі 5,0% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2015 жылғы сәуір айыныӊ соӊына 63,8 мыӊ адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтыӊ 0,7%-ын құрады.

Бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деӊгейі 2015 жылғы 1 тоқсанда экономикалық тұрғыдан белсенді халықтыӊ 0,4%-ын (40,7 мыӊ адам) құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны