22.06.2015, 11:10 3567

2015 жылғы мамырдыӊ аяғындағы халықаралық резервтер мен ақша агрегаттары

2015 жылғы мамырдыӊ аяғында Ұлттық Банктіӊ жалпы халықаралық резервтері 28,7 млрд. АҚШ долларын құрады.

Астана. 22 Маусым. Kazakhstan Today - 2015 жылғы мамырдыӊ аяғында Ұлттық Банктіӊ жалпы халықаралық резервтері 28,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Ұлттық Банктіӊ таза халықаралық резервтері 28,0 млрд. АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елдіӊ халықаралық резервтері жалпы алғанда Ұлттық қордыӊ шетел валютасындағы активтерін (69,0 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, 97,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

2015 жылғы мамырда ақша базасы 6,6%-ға кеӊейіп, 3644,8 млрд. теӊге болды (жыл басынан бері 6,8%-ға кеӊейді). Тар ақша базасы, яғни екінші деӊгейдегі банктердіӊ Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 7,6%-ға кеӊейіп, 3490,2 млрд. теӊгені құрады.

2015 жылғы сәуірде ақша массасы 12266,8 млрд. теӊгені, айналыстағы қолма-қол ақша 1018,4 млрд. теӊгені құрады, банк жүйесіндегі депозиттер 11248,3 млрд. теӊгені құрады. Ақша массасыныӊ құрылымындағы депозиттердіӊ үлесі депозиттер көлемініӊ төмендеу қарқынымен салыстырғанда айналыстағы қолма-қол ақшаныӊ қысқару қарқыныныӊ 2015 жылғы қаӊтар-сәуірде тіркелген басым болуы салдарынан 2014 жылғы желтоқсандағы 91,2%-дан 2015 жылғы сәуірде 91,7%-ға дейін өсті. 2015 жылғы сәуірдіӊ соӊында ақша мультипликаторы 3,59 болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны