01.04.2015, 20:37 4566

2015 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында инфляция 0,1% құрады

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 0,9%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, газеттер және мерзімдік басылымдарға - 0,6%-дан, киім және аяқкиімге, жеке пайдалануға арналған тауарларға - 0,5%-дан құрады. Баға бензинге 1,6%, дизель отынына - 1,7%, сұйытылған газға - 11,4%-ға төмендеді.

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,2%, ақылы қызметтерге - 0,1%-ға өсті. Азық-түлік емес тауарларыныӊ баға индексі 100%-ды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткен айда баға жаӊа жиналған көкөністерге 2,5%, жаӊа жиналған жемістерге - 1,6%, зәйтүн майына - 1,5%-ға, жеӊсік емес тағам балық консервілеріне, шайға - 1%-дан, балқытылған ірімшікке - 0,9%, шұжық, ет өнімдеріне - 0,7%-ға, кондитер өнімдеріне, алкогольді ішімдіктерге - 0,6%-дан, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне - 0,5%-ға, жоғары сортты бидай ұнына, сүзбеге - 0,4%-дан өсуі белгіленді. Бағаныӊ төмендеуі қантқа 2,5%, құс етіне - 2,2%, жұмыртқаға - 2,1%, күнбағыс майына - 1,6%, күрішке - 1,1%-ға, қарақұмық жармаға, айранға, картопқа - 0,9%-дан, мәйекті ірімшікке - 0,8%, шикі сүтке - 0,7%-ға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 0,9%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, газеттер және мерзімдік басылымдарға - 0,6%-дан, киім және аяқкиімге, жеке пайдалануға арналған тауарларға - 0,5%-дан құрады. Баға бензинге 1,6%, дизель отынына - 1,7%, сұйытылған газға - 11,4%-ға төмендеді.

Баға деӊгейі монша қызметтеріне 1,3%, мейрамханалар мен қонақ үйлерге - 1,2%, денсаулық сақтауға - 0,6%-ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласына, мектепке дейінгі білім беруге - 0,4%-дан өсті. Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардыӊ темір жол көлігіне жол жүру ақысы 2,9%-ға арзандады, әуе көлігі - 5,1%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер тұрғын үйді күтіп ұстауға 0,3%, электр энергиясына - 0,2%-ға өсті, ал тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 2,9%-ға төмендеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны