13.05.2015, 15:52 5135

2015 жылғы сәуірдегі инфляция

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ ресми деректері бойынша 2015 жылғы сәуірде инфляция 0,1% (2014 жылғы сәуірде - 0,6%) болды. Азық-түлік тауарларыныӊ бағасы 0,3%-ға (1,0%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,2%-ға (0,6%) өсті. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,1%-ға (0,2%-ға өсті) төмендеді

Астана. 13 Мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ ресми деректері бойынша 2015 жылғы сәуірде инфляция 0,1% (2014 жылғы сәуірде - 0,6%) болды. Азық-түлік тауарларыныӊ бағасы 0,3%-ға (1,0%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,2%-ға (0,6%) өсті. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,1%-ға (0,2%-ға өсті) төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Азық-түлік тауарларыныӊ ішінде 2015 жылғы сәуірде көп дәрежеде жемістер мен көкөністер 2,4%-ға, оныӊ ішінде орамжапырақ - 17,7%-ға, пияз - 14,2%-ға, сәбіз - 10,8%-ға, кондитерлік өнімдер - 0,6%-ға, балық және теӊіз өнімдері - 0,4%-ға, макарон өнімдері - 0,3%-ға, нан - 0,2%-ға қымбаттады. Жұмыртқаныӊ бағасы 2,4%-ға, қант - 2,0%-ға, күріш - 1,1%-ға, жарма - 0,9%-ға, май және тоӊ майлар - 0,7%-ға, ет және ет өнімдері - 0,4%-ға, сүт өнімдері - 0,1%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар нарығында киім және аяқ-киімніӊ, тұрмыстық үй заттарыныӊ және дәрі-дәрмектіӊ бағасы 0,6%-ға өсті. Бензинніӊ құны 0,4%-ға, дизель отыны - 1,2%-ға төмендеді.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саладағы қызметке ақы төлеу 0,3%-ға төмендеді. Бұл ретте сұйытылған газ тарифтері 9,0%-ға, тарату желілері бойынша тасымалданатын газ - 1,9%-ға, электр энергиясы - 0,4%-ға төмендеді. Тұрғын үйді ұстау тарифтері 0,3%-ға, тұрғын үйді жалға алу 0,2%-ға өсті. Бұдан басқа, амбулаторлық қызметтіӊ бағасы 1,0%-ға, мейрамханалар мен қонақүйлер - 0,2%-ға, байланыс қызметі - 0,1%-ға өсті. Көлік қызметініӊ құны - 1,5%-ға төмендеді.

2015 жылғы қаӊтар-сәуірде инфляция 1,2% (2014 жылғы қаӊтар-сәуірде - 3,9%) болды. Азық-түлік тауарлары 2015 жылдыӊ басынан бастап 1,9%-ға (4,3%-ға), ақылы қызмет көрсету - 2,0%-ға (3,5%-ға) қымбаттады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,4%-ға (3,8%-ға өсті) арзандады.

2015 жылғы сәуірде инфляция жылдық көрсеткіш бойынша 4,6% (2014 жылғы желтоқсанда - 7,4%) болды. Азық-түлік тауарлары соӊғы 12 айда 5,5%-ға (8,0%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3,4%-ға (7,8%), ақылы қызмет көрсету 4,8%-ға (6,4%) қымбаттады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны