01.09.2015, 16:32 4573

2015 жылғы тамызда азық-түлік тауарларыныӊ бағасы 2014 жылғы тамызбен салыстырғанда 3,5%-ға өсті

Аталған кезеӊде ет және ет өнімдері бағасыныӊ өсімі 0,8%-ды құрады. Шұжық өнімдеріне баға деӊгейі 6,1%, шошқа етіне - 5,1%-ға жоғары болды, ал құс етіне - 7,2%, қой етіне - 0,7%-ға төмен болды.

Астана. 1 Қыркүйек. Kazakhstan Today - 2015 жылғы тамызда 2014 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға жармаларға 18,9%, алкогольді ішімдіктерге - 8,9%-ға, кофе, шай және какаоға, тоқаш және ұн өнімдеріне - 7,1%-дан, кондитерлік өнімдерге - 6,8%, нанға - 6,2%, балық және теӊіз өнімдеріне - 5,9%, ұнға - 4,9%, макарон өнімдеріне - 3,9%, сүт өнімдеріне - 3,8%, жемістер мен көкөністерге - 1,7%-ға өсті. Бағаныӊ төмендеуі қантқа 9,6%, май және тоӊ майға - 0,9%-ға байқалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған кезеӊде ет және ет өнімдері бағасыныӊ өсімі 0,8%-ды құрады. Шұжық өнімдеріне баға деӊгейі 6,1%, шошқа етіне - 5,1%-ға жоғары болды, ал құс етіне - 7,2%, қой етіне - 0,7%-ға төмен болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны