06.04.2015, 14:53 4176

2015 жылы 27,3 мыӊ гектар алқаптағы суару жүйелері қайта жөнделеді - АШМ

2015 жылы Алматы облысыныӊ Көксу ауданында және Жамбыл облысыныӊ Жамбыл ауданында 27,3 мыӊ гектарды құрайтын алқаптағы суару жүйелері қайта жөнделеді, деп хабарланды Ауыл шаруашылығы министрлігінен

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылы 27,3 мыӊ гектар алқаптағы суару жүйелері қайта жөнделетін болады - АШМ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылы Алматы облысыныӊ Көксу ауданында және Жамбыл облысыныӊ Жамбыл ауданында 27,3 мыӊ гектарды құрайтын алқаптағы суару жүйелері қайта жөнделеді, деп хабарланды Ауыл шаруашылығы министрлігінен, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Жыл сайын Алматы және Қызылорда облыстары су тапшылығын сезінуде, бұл жағдай әсіресе судыӊ аз кезінде ерекше күрделенеді. Аталмыш мәселені шешу үшін 2 текше километр су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік беретін ерекше ұсыныстар енгізілуде. Қазіргі таӊда Сырдария өзенінде бір бөгет іске қосылып, енді екіншісініӊ құрылысы жүргізілуде. Тап осындай құрылғылар Іле өзенінде де орналасатын болады", -делінген хабарламада.

Бұған қоса АШМ-ніӊ Су ресурстары комитеті Бүкіләлемдік банк, Ислам даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі сияқты халықаралық қаржы институттарыныӊ инвестицияларын тарту мақсатында келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар жаӊа тариф саясаты жүргізілуде. Оған сәйкес, тарифтердіӊ жаӊа деӊгейі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалған шығындарды жабатын болады.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстанныӊ су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы бойынша 5 мақсатты индикаторлар анықталған, олардыӊ бірі қосымша су ресурстарын 2020 жылға дейін 0,6 текше километрге жеткізуді қарастырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны