31.05.2016, 14:38 8948

2015 жылы 4 әуекомпанияныӊ авиациялық жұмыстарды орындауға куәліктері кері қайтарылды - Б.Сейдахметов

2015 жылы Қазақстанда инспекциялық тексерулердіӊ қорытындысына сәйкес 4 әуекомпанияныӊ куәлігі кері қайтарылған, сондай-ақ 37 ұшақтыӊ қызметі тоқтатылды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Инвестиция және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетініӊ төрағасы Бекен Сейдахметов

Астана. 31 мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылы Қазақстанда инспекциялық тексерулердіӊ қорытындысына сәйкес 4 әуекомпанияныӊ куәлігі кері қайтарылған, сондай-ақ 37 ұшақтыӊ қызметі тоқтатылды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Инвестиция және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетініӊ төрағасы Бекен Сейдахметов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылы әуе компаниясыныӊ жұмысына инспекциялық тексеру жүргізіп, анықталған кемшіліктер мен сертификаттыӊ сай келмеуіне байланысты, төрт әуе компаниясыныӊ куәлігін кері қайтардық. 37 ұшақтыӊ ұшуына тыйым салынды. Сондай-ақ, әуе компанияларында 24 адамныӊ жұмыс істеу куәлігі кері қайтарылды", - деп хабарлады Б.Сейдахметов азаматтық авиация мәселелері жөніндегі брифингте, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Комитет төрағасы түсіндіргендей, қазір ұшақтыӊ ұшуына рұқсат беретін сертификат бір жылға беріледі. Ал, су жаӊа ұшақ болса немесе ұшақ күрделі жөндеуден өткен болса, ұшуға рұқсат беру сертификаты бір жылды құрайды. Аэродромдар жағдайына қарай, 5 жылға дейін сертификатталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны