19.02.2016, 10:42 3880

2015 жылы ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiӊ көлемi 2,7 трлн теӊгенi құрады.

Жалпы, өткен жыл бiздiӊ аграрлық сала қызметкерлері үшiн оӊай болған жоқ. Негiзгi дақылды жинау және оны себу кезінде ауа райы қолайсыз болды. Бiрақ, соған қарамастан, көрсеткен нәтижемiз жаман болған жоқ. Жыл қорытындысы бойынша 18,8 млн тоннаға жуық астық бастырылды және бұл 2014 жылғы деӊгеймен салыстырғанда 1,6 млн тоннаға артық

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Бұл жөнiнде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiӊ кеӊейтiлген алқа отырысында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков мәлiмдедi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жалпы, өткен жыл бiздiӊ аграрлық сала қызметкерлері үшiн оӊай болған жоқ. Негiзгi дақылды жинау және оны себу кезінде ауа райы қолайсыз болды. Бiрақ, соған қарамастан, көрсеткен нәтижемiз жаман болған жоқ. Жыл қорытындысы бойынша 18,8 млн тоннаға жуық астық бастырылды және бұл 2014 жылғы деӊгеймен салыстырғанда 1,6 млн тоннаға артық", - дедi А.Мамытбеков.

Оныӊ айтуынша, өткен жылы жалпы ауыл шаруашылық өнiмдерiнiӊ көлемi 2,7 трлн теӊгенi құрады.

"Бұл өткен жылдыӊ деӊгейiнен 4,4%-ға жоғары. Өсiм өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiру көлемiн 5,6%-ға және мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру көлемiн 3,2%-ға ұлғайту есебiнен қамтамасыз етiлдi", - деп түйіндеді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны