05.01.2016, 15:12 4442

2015 жылы Қазақстан Республикасында инфляция 13,6% құрады

Өткен жыл үшін азық-түлік тауарлары бағасы 10,9%, азық-түлік емес тауарларға - 22,6%, ақылы қызметтерге - 8,1%-ға өсті

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - Өткен жыл үшін азық-түлік тауарлары бағасы 10,9%, азық-түлік емес тауарларға - 22,6%, ақылы қызметтерге - 8,1%-ға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткен жыл үшін бағаныӊ өсуі қайта өӊделген және консервіленген жемістерге 48,5%, күнбағыс майына - 29,2%, жаӊадан жиналған жемістерге - 26,7%, құмшекерге - 20,1%, қайта өӊделген және консервіленген көкөністерге - 19,8%, балық және теӊіз өнімдеріне - 19,5%, жұмыртқаға - 18%, алкогольсіз сусындарға - 16,9%, қарақұмық жармасына - 16,4%-ға, тоқаш және ұннан дайындалған, кондитерлік өнімдерге - 15,2%-дан, нанға - 14,4%, консервіленген сүтке - 14,2%, алкогольді ішімдіктерге - 12,6%, бірінші сұрыпты ұнға - 11,6%-ға тіркелді.

Баға өсімі тоқыма бұйымдарына 35,4%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 34,9%, киім және аяқ киімге - 32,9%, жолға қажетті тауарлар мен заттарды тасымалдайтын басқа да бұйымдарға - 32,4%, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 31,6%, фармацевтикалық өнімдерге - 31,3%, тұрмыстық аспаптарға - 25,4%, кітаптарға - 24,3%, жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарға - 21,9%, автомобильдерге - 20,9%, жеке қолданатын тауарларға - 17,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 14% құрады. Бензин 4,6%-ға қымбаттады, ал дизель отыны - 9,6%-ға арзандады.

Кабельдік теледидар қызметтерініӊ тарифтері 51,3%, халықаралық қоӊырау шалуға (республика шегінен тыс) - 34,5%-ға өсті. Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне 19,3%, қоғамдық тамақтануға - 12,2%, денсаулық сақтауға - 11,7%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 9,6%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарыныӊ қызметтеріне - 7,2%, сақтандыруға - 7%-ға өсті.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға 14%, суық суға - 12,7%, ыстық суға - 11,3%, кәрізге - 10,3%, электр энергиясына - 8,3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 4,3%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 4%-ға жоғарылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны