25.02.2015, 16:30 4338

2015 жылы Қазақстанда 60 млн тонна мұнайды экспорттау жоспарлануда

2015 жылы Қазақстан Республикасында 60 млн тонна мұнайды экспорттау жоспарлануда, деп мәлімдеді ҚР энергетика министрініӊ орынбасары Ұзақбай Қарабалин

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылы Қазақстан Республикасында 60 млн тонна мұнайды экспорттау жоспарлануда, деп мәлімдеді ҚР энергетика министрініӊ орынбасары Ұзақбай Қарабалин, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
«2015 жылы мұнай өндіру көлемі 80,5 млн тонна деӊгейінде, мұнайды қайта өӊдеу 14,3 млн тонна деӊгейінде болады деп болжануда. Ал, мұнай экспорты 60 млн тонна деӊгейінде болады деп күтілуде», - деп сендірді вице-министр.
Сонымен қатар, Қарабалинніӊ айтуынша, 2014 жылы мұнай өндіру көлемініӊ өсімі «Өзенмұнайгаз», «Эмбамұнайгаз», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг», «Маӊғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнайгаз» компанияларында байқалды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.
Оныӊ үстіне, вице министр атап өткендей, 2014 жылы экономика өсімін қамтамасыз ету жоспарына сай Энергетика министрлігі мұнай өндіру көлемін жоспарланған көлемге жеткізу үшін кешенді шаралар жүргізді. «Жалпы аталмыш жоспардыӊ шараларын жүзеге асыру қосымша 270 мыӊ тонна мұнай өндіруге септігін тигізді, осылайша республика бойынша жоспардан қалып қою көрсеткішін барынша төмендетті», - деп түсіндірді Ұ. Қарабалин.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны