10.11.2015, 16:52 4461

2015 жылы республика бойынша көктемгі егіс алқабы 18,5 млн. гектарды құрады.

Үстіміздегі ауыл шаруашылығы жылын қорытындылай келе, республика бойынша 2015 жылдыӊ қаӊтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығы өнімініӊ жалпы шығарылымы 1866,4 млрд. теӊгені құрады, бұл өткен жылдыӊ сәйкесінше уақыт көрсеткішінен 3,1% есеге артық.

Астана. 10 қараша. Kazakhstan Today - Үстіміздегі ауыл шаруашылығы жылын қорытындылай келе, республика бойынша 2015 жылдыӊ қаӊтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығы өнімініӊ жалпы шығарылымы 1866,4 млрд. теӊгені құрады, бұл өткен жылдыӊ сәйкесінше уақыт көрсеткішінен 3,1% есеге артық. Бұған өсімдік шаруашылығындағы өнім өндірісініӊ көлемініӊ 3,1%-ға, еттіӊ барлық түрініӊ - 2,5%-ға, сиыр сүтініӊ - 2,4%-ға, тауық жұмыртқасыныӊ - 11,8%-ға өсуі сеп болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұйымдасқан шаруашылықтарда мал басыныӊ саны да арта түсті. Сонымен, жылқы саны 2 132,5 мыӊ бас, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,1%-ға жоғары. ІҚМ - 6 649,8 мыӊ. бас (2,6%-ға артық), қой және ешкі 20 556,3 мыӊ бас (0,9%-ға артық), құс - 38 479,8 мыӊ бас (5,2%-ға артық).

Сондай-ақ, саланы қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламасы да сәтті жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеӊберінде фермерлік шаруашылықтарды субсидиялау арқылы 2015 жылы 52,7 млрд. теӊге бөлінді, яғни көрсеткіш өткен жылдыӊ сәйкесінше уақытына 30%-ға артқан. "ҚазАгро ҰБХ" АҚ-ныӊ "Сыбага", "Құлан", "Алтын Асық" атты бағдарламаларына белсене қатысқан фермерлік шаруашылықтар да өз үлестерін қосуда. Сонымен, жыл бойы асыл тұқымды мал басы есебінен 75 мыӊ ІҚМ, 25,2 мыӊ бас жылқы, 72 мыӊ бас қой сатып алынды. Асыл тұқымды ірі қара мал басыныӊ саны 722 мыӊға жетті, ал бұл көрсеткіш жалпы ІҚМ басыныӊ 22%. Ет экспорты 2015 жылдыӊ 9 айы бойынша 9,6 мыӊ тоннаны құрады.

2015 жылы республика бойынша көктемгі егіс алқабы 18,5 млн. гектарды құрады. 2015 жылдыӊ 5 қарашадағы жағдай бойынша 15,3 млн. га алқаптан дәнді-дақылдар жиналып, 19 959,4 мыӊ тонна бастырылған. Дәнді-дақылдар алқаптарыныӊ (651,2 мыӊға - 5,4%) қысқаруы және тыӊайған жерлерді игеру есебінен азықтық дақылдар, сондай-ақ күріш, жүгері, сұлы, қант қызылшасы, бұршақты дәнді-дақылдар алқаптары арта түсті.

АӨК секторларыныӊ барлық көрсеткіштерін талдауы жалпы өнім шығарылымыныӊ төмен өсімін көрсетті. Өсімдік шаруашылығын субсидиялау көлемі соӊғы 5 жыл ішінде 2,6 есеге, мал шаруашылығы - 2,1 есеге ұлғайған болса, ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнім көлемініӊ өсімі тек 1,75 есеге артқан. Ауыл шаруашылығымен субсидияланатын 16 бағыттыӊ ішінде өндіріс тиімділігіне қарамастан өндірілген өнім мен егіс алқаптарына берілетін өсімдік шаруашылығындағы гектарға бөлінетін және мал шаруашылығындағы өнімділікті жоғарлатуға бағытталған субсидиялар тиімсіз екендігі анықталды.

Өз кезегінде, шаруашылықтардыӊ ұсақтығы жалпы саланыӊ тиімді өндірісіне кедергі тигізуде.Тіркелген 3 856 фермерлік кооперациялар еліміздіӊ жалпы ауыл шаруашылық құрылымдарыныӊ тек 2% ғана құрайды. Шаруашылықтардыӊ көбіне ұсақ тауарлығы есебінен технологиялық пен инвестициялар қол жетімсіз боп қалуда. Кооперация арқылы шаруашылықтарды ірілендіруді ынталандыру үшін Министрлікпен "Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы" Заӊ әзірленген, сондай-ақ, ү.ж. 29 қазанында Мемлекет басшымен қол қойылған қолданыстағы фермерлердіӊ кооперациясы туралы заӊнамалық актілерге өзгертулер мен қосымшалар енгізілген болатын.

Атал тосқауылдарды жою және саланыӊ тиімділігін арттыру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен субсидиялау жүйесін өзгертуі туралы шешім қабылданды. Яғни, өсімдік шаруашылығында ЖЖМ және тауарлық-материалдық құндылықтардыӊ бағасын төмендетуге бағытталған субсидиялар толықтай жойылып, мал шаруашылығында өнім сапасын арттыру және өнімділікті жоғарлату субсидияларыныӊ саны және ғылымды қаржыландыру көлемі азаяды. Оныӊ орнына инвестициялық субсидия, сыйақы пайызын субсидиялау, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру, ҚҚС субсидиялау, ғылыми ұйымдардыӊ қызметіне кеткен бизнес қауымдастықтарыныӊ шығындарын субсидиялау, фитосанитарлық қызметтерді нығайту тәрізді субсидиялар енгізіледі.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны