03.02.2015, 18:19 4302

2015 жылы Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері мен тыл еӊбеккерлеріне 5,6 млрд теӊге көлемінде бір реттік материалдық көмек беріледі

2015 жылы Ұлы Отан соғысына (ҰОС) қатысқандар мен мүгедектерге, оларға теӊестірілген тұлғаларға, тыл еӊбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіске үлес қосқан ҚР өзге де азаматтарына бір реттік материалдық көмек беруге республикалық бюджетте 5 млрд 690 млн 183 мыӊ теӊге қарастырылған. Сондай-ақ, Астана мен Мәскеу қалаларындағы Жеӊісті атап өтуге арналған іс-шараларға ардагерлердіӊ қатысуына бюджеттен 61,8 млн теӊге бөлінеді

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылы Ұлы Отан соғысына (ҰОС) қатысқандар мен мүгедектерге, оларға теӊестірілген тұлғаларға, тыл еӊбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіске үлес қосқан ҚР өзге де азаматтарына бір реттік материалдық көмек беруге республикалық бюджетте 5 млрд 690 млн 183 мыӊ теӊге қарастырылған. Сондай-ақ, Астана мен Мәскеу қалаларындағы Жеӊісті атап өтуге арналған іс-шараларға ардагерлердіӊ қатысуына бюджеттен 61,8 млн теӊге бөлінеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нақты айтқанда, бір реттік материалдық көмек келесі ретте қарастырылған:

- ҰОС қатысқандар мен мүгедектерге - 100 мыӊ теӊге;

- ҰОС қатысқандар мен мүгедектерге теӊестірілген тұлғаларға, Жеӊіске үлес қосқан азаматтарға - 70 мыӊ теӊге;

- ҰОС кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердіӊ жұбайларына, ата-аналарына, Ленинград қоршауында болған тұрғындарға және Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары фашистер мен олардыӊ одақтастары құрған концлагерлерде, гетто және өзге де мәжбүрлеп ұстау орындарында кәмелеттік жасқа дейін тұтқында болғандарға - 30 мыӊ теӊге;

- тыл еӊбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысыныӊ қайтыс болған мүгедектерініӊ жұбайларына, Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіске қосқан үлесі үшін оларға теӊестірілген тұлғаларға - 25 мыӊ теӊге.

Сонымен қатар, 50-ден астам іс-шара өткізілмек, соныӊ ішінде Астана қаласында соғыс ардагерлерініӊ және тыл еӊбеккерлерініӊ қатысуымен Отан қорғаушылар күніне және Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған әскери шеру өткізу; бұған дейін баспана алмаған соғысқа қатысқандар мен мүгедектерді баспанамен қамтамасыз ету; соғысқа қатысқандар мен мүгедектерге тұрмыста көмек көрсету және үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуді қарастыратын "Ардағым, ардагерім" акциясын өткізу, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Сондай-ақ, салтанатты жиындар, концерттер, кездесулер, кітаптардыӊ тұсаукесерлері, фото және кітап көрмелері, спектакльдер, студенттер мен оқу орындары оқушыларыныӊ, жастар ұйымдарыныӊ қатысуымен мерекелік шерулер өткізу жоспарлануда.

2015 жылғы 1 қаӊтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда 5 037 - Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, 1 434 - Жеӊіске қосқан үлесі үшін Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге теӊестірілген тұлғалар, 195 - қайтыс болған (із-түссіз жоғалып кеткен) сарбаздардыӊ жесірлері, 9870 - Ұлы Отан соғысыныӊ қайтыс болған мүгедектері мен оларға теӊестірілген мүгедектердіӊ әйелдері, сондай-ақ, соғысқа қатысқандар, партизандар, астыртын жұмыс істегендер, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" төсбелгісімен марапатталғандар, жалпы ауру, еӊбек жарақаты нәтижесінде мүгедек боп танылғандар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанкешті еӊбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталғандар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда кем дегенде 6 ай еӊбек еткендер тұрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны