19.09.2016, 12:26 4658

2016-2017 жылдары Жеке тұрғын үй құрылысына арналған 100,9 мыӊ учаске қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі

Инфрақұрылым бүгінгі күні берілген 57,4 мыӊ жер учаскесіне және жаӊа 43,5 мыӊ учаскеге жүргізілетін болады. 2017 жылы қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 84 млрд. теӊге жұмсау жоспарлануда" деп мәлімдеді Бишімбаев.

Астана. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қазақстан Парламенті Мәжілісінде өткен үкімет сағаты барысында ағымдағы экономикалық жағдай туралы, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасыныӊ, 9 қыркүйекте Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардыӊ іске асырылуы туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктіӊ деректері бойынша, тұрғын үйдіӊ барлық түрлерін, оныӊ ішінде жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасында жаппай құрылыс салу аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу көзделген.

"Бұл мақсаттарға 2015-2016 жылдары 151,8 млрд. теӊге бөлінді. 2016-2017 жылдары біз Жеке тұрғын үй құрылысына арналған 100,9 мыӊ учаскені қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етеміз. Инфрақұрылым бүгінгі күні берілген 57,4 мыӊ жер учаскесіне және жаӊа 43,5 мыӊ учаскеге жүргізілетін болады. 2017 жылы қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 84 млрд. теӊге жұмсау жоспарлануда" деп мәлімдеді Бишімбаев.

Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында айтылған, Мемлекет басшысы берген тапсырмалардыӊ іске асырылуы туралы баяндама жасай отырып, министр әлеуметтік-экономикалық саясаттыӊ басты міндеттерініӊ бірі халықты өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және өзін өзі жұмыспен қамту проблемасын шешу болып табылатынын атап көрсетті.

"Біздіӊ міндетіміз - өзін өзі жұмыспен қамтығандарды өнімді жұмыспен қамтуға көптеп тарту және олардыӊ табысын ұлғайту" - деді министр.

2017 жылдан бастап "Жалпыға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасы іске қосылатын болады. Одан басқа, микрокредиттеуді дамыту жолымен жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру көзделген.

Министр "Қалаларда біз банк секторы инфрақұрылымын тартуды, ауылдық жерлерде - микрокредиттеу жөніндегі бірыӊғай оператор құруды жоспарлап отырмыз" - деп атап өтті.

"Агробизнес 2020" бағдарламасыныӊ негізінде Мемлекеттік АӨК дамыту бағдарламасы әзірленеді.

"Жаӊа Мемлекеттік бағдарлама аясында өӊделген ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ экспортын ұлғайту, сервистік-дайындау кооперативтерін құру, суармалы жерлерді айналымға енгізу жөніндегі міндеттер шешілмек" екенін министр әӊгімелеп өтті.

Оныӊ сөздері бойынша, 600 мыӊ га. суармалы жерді пайдалануға берудіӊ нәтижесінде 200 мыӊ тұрақты жұмыс орнын құруға болады.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында инфляция деӊгейін төмендету және баға тұрақтылығын одан әрі қамтамасыз ету болжанып отыр. Орта мерзімді перспективада Ұлттық Банктіӊ ақша-кредит саясаты инфляцияны 3-4%-ға дейін төмендетуге бағытталады. Сондай-ақ мемлекеттік борыштыӊ өсуіне жол бермеу шаралары да қабылданатын болады.

"2017-2019 жылдары мемлекеттік борышты қолайлы деӊгейде ұстап тұру үшін республикалық бюджет тапшылығын 2019 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 1,0 %-ға дейін кейіннен төмендете отырып, 2017 жылы ЖІӨ-ге қатысты 1,2 %-ға азайту жоспарланып отыр" - деп атап айтты Бишімбаев.

Ол мұнай бағасыныӊ төмен деӊгейде сақталуы жағдайында келешек ұрпақ үшін Ұлттық қордыӊ сақталуын қамтамасыз ету маӊызды екенін атап көрсетті.

"Ұлттық қордан қосымша қаражат тартылмайтын болады. Біз экономиканыӊ жеке инвестициялар мен кәсіпкерлікті дамытуға негізделген ішкі мүмкіндіктерін пайдаланамыз" - деді Қ.Бишімбаев.

Ол "Нұрлы жол", Индустрияландыру бағдарламаларын, Агроөнеркәсіптік кешенді, жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Мемлекет басшысы атаған жаӊа бағыттарды, банктік сектордыӊ инвестициялық белсенділігін қалпына келтіруді, жеке инвестициялар тартуды, салық жүйесін реформалауды тиімді іске асыру жыл сайын орта мерзімді перспективада экономиканыӊ 3,5-4% деӊгейінде өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді" - деп мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны