23.02.2015, 15:50 3920

2016 жылдан кейін Қазақстан отандық бензинмен және дизельді отынмен толығымен қамтамасыз етіледі - В.Школьник

2016 жылдан кейін Қазақстан толығымен отандық жанармай және дизельді отынмен қамтамасыз етіледі

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанға нарықты толығымен отандық жанармаймен және дизельді отынмен қамтамасыз ету үшін екі жыл қажет, деп хабарлады бүгін ҚР энергетика министрі Владимир Школьник ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылдан кейін Қазақстан толығымен отандық жанармай және дизельді отынмен қамтамасыз етіледі", - деді В.Школьник, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Сонымен, оныӊ айтуынша, елімізде барлық отандық мұнай өӊдеу зауыттарын жаӊғыртудан өткізгеннен кейін мұнай өӊдеу көлемін 29,4%-ға, 14,5 млн тоннадан 18 млн тоннаға дейін жылына арттыру көзделуде.

Сонымен қатар, ол мұнай өӊдеу тереӊдігі де 83%-90%-ға дейін артатынын, осы ретте сұранысы жоғары Аи-92 маркалы жанармай қазіргі 12,0%-дан 21%-ға дейін көбейетінін, ал Аи-95 пен Аи-98 бензидері бойынша өсім 0,7%-дан 10%-ға дейін құрайтынын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны