30.11.2015, 15:07 7592

2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап бюджеттік сала мен "Б" корпусы мемлекеттік қызметкерлерініӊ жалақысы артады - Н.Назарбаев

Қазақстанда 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарында бюджет саласы қызметкерлерініӊ, сондай-ақ "Б" корпусыныӊ мемлекеттік қызметкерлерініӊ жалақысы орташа алғанда 30%-ға артады, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарында бюджет саласы қызметкерлерініӊ, сондай-ақ "Б" корпусыныӊ мемлекеттік қызметкерлерініӊ жалақысы орташа алғанда 30%-ға артады, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Экономикалық қауіп-қатерлер жағдайында ештеӊеге қарамастан халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерініӊ жалақысы орташа алғанда - 28%-ға, білім беру саласында - 29%-ға, әлеуметтік қорғау саласында - 40%-ға артады деп жариялаймын", - деді ол жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оған қоса, Н.Назарбаев бюджеттік сала қызметкерлерініӊ түрлі санаттарына әртараптандырылған әдістіӊ мақсаттылығын баса айтты.

Елбасыныӊ айтуынша, келесі жылы "Б" корпусыныӊ мемлекеттік қызметкерлерініӊ жалақысы орташа алғанда 30%-ға артады.

"Біз бұл мақсаттарға қаражатты табамыз. Ол үшін барлық бюджеттік бағдарламалар оӊтайландырылады, біз оны есептеп шықтық. Осылайша, біз жалақыны арттыруға қатысты қаражатты таба аламыз. Өзіміздіӊ халық алдындағы міндеттемелерімізді толық орындайтын боламыз", - деп баса айтты Президент.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны