15.02.2016, 18:31 3557

2016 жылдыӊ 1 наурызынан Қазақстан экспорттық-кедендік баж салығыныӊ құбылмалы мөлшерлемесіне көшеді

Оныӊ сөзіне қарағанда, мұнайға байланысты меже бойынша, яғни барреліне 25 доллардан төмен әлемдік баға кезінде экспорттық-кедендік баж салығы мөлшерлемесі 0-ге теӊеледі, ал берреліне 25 доллардан жоғары әлемдік баға аясында экспорттық-кедендік баж салығы мөлшерлемесі тиісті межеге сәйкес айқындалады.

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 1 наурызынан бастап Қазақстан экспорттық-кедендік баж салығыныӊ құбылмалы мөлшерлемесіне көшеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мұнай-газ секторы мен тау-кен металлургиялық кешенді қолдау үшін пайдалы қазбаларды өндіруге жеӊілдіктерді ұсыну, 2016 жылдыӊ 1 наурызынан әлемдік бағаға байлай отырып, экспорттық-кедендік баж салығыныӊ құбылмалы мөлшерлемесін енгізу қарастырылған. Сондай-ақ мұнай-газ секторыныӊ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экспорттық-кедендік баж салығы мазуттыӊ тоннасына 30 долларға дейін төмендетілді", - деді министр, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оныӊ сөзіне қарағанда, мұнайға байланысты меже бойынша, яғни барреліне 25 доллардан төмен әлемдік баға кезінде экспорттық-кедендік баж салығы мөлшерлемесі 0-ге теӊеледі, ал берреліне 25 доллардан жоғары әлемдік баға аясында экспорттық-кедендік баж салығы мөлшерлемесі тиісті межеге сәйкес айқындалады.

"Осы арқылы, мұнайға әлемдік бағаныӊ өсуімен экспорттық-кедендік баж салығы көлемі де артады", - деп түсіндірді Е. Досаев.

Сонымен қатар, 1 мамырдан 1 қыркүйекке дейінгі аралықта бір тоннаға 15 еуро мөлшерінде мазутқа маусымдық баж салығыныӊ мерзімін белгілеу ұсынылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны