20.02.2017, 19:22 4803

2016 жылдыӊ 9 айында тікелей шетелдік инвестицияныӊ жалпы ағыны 27,3% өсті

"Kaznex Invest" АҚ базасында Инвестиция жөніндегі "Кazakh Invest" мамандандырылған ұлттық компаниясы құрылады, ол Үкіметтіӊ атынан мақсатты ТҰК және ірі инвесторлармен келіссөздер жүргізеді.

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 9 айында тікелей шетелдік инвестицияныӊ жалпы ағыны 27,3%-ға өсіп, 14,5 млрд. АҚШ долларын құрады (2016 ж. 9 айында - 14,5млрд. долл., 2015 ж. 9 айында 11,4 млрд. долл.). Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек алқа мәжілісінде атап өтті,- деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

Осылайша, экономиканы инвестициялау бойынша оӊ динамика бар.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ЭЫДҰ стандартына сәйкес елдіӊ инвестициялық климатын жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Бұған дейін ЭЫДҰ инвестиция жөніндегі Комитеті ЭЫДҰ Кеӊесіне Қазақстанды қатысушы ретінде шақыру шешімін қабылдады. Кеӊестіӊ шешімі биыл наурыз-сәуір айларында белгілі болады деп күтілуде.

Барлық инвесторлар үшін "Бір терезе" қағидасы енгізілді (300-ден астам мемлекеттік қызмет). Бүгінде ол үлкен сұранысқа ие болып отыр. Өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша, 5500-ден астам өтініш келіп түсті және шамамен 8000 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазір инвесторларға қолдау көрсететін автоматтандырылған жүйені әзірлеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен қатар, Инвестициялық омбудсмен институты қызмет етеді.

Инвестиция тарту бойынша жұмыстар жоғарғы деӊгейде күшейтілді. Атап айтқанда, басымдыққа ие 10 елде (АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Оӊтүстік Корея, Иран, Жапония, Германия, Франция, Қытай, Үндістан) инвестиция тарту бойынша арнайы кеӊесшілер белгіленді, сонымен қатар, шетелде "Kaznex Invest" АҚ-ныӊ5 аймақтық фронт-кеӊсесі ашылды(АҚШ, Германия, Түркия, БАИ, ҚХР).

"Kaznex Invest" АҚ базасында Инвестиция жөніндегі "Кazakh Invest" мамандандырылған ұлттық компаниясы құрылады, ол Үкіметтіӊ атынан мақсатты ТҰК және ірі инвесторлармен келіссөздер жүргізеді.

"Аймақтық деӊгейде облыс әкімдерініӊ басшылығымен инвестиция тарту жөніндегі Кеӊес құрылды. Қазір Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша, экспорт және инвестиция тарту жүйесін қайта форматтау бойынша жұмыстарды бастадық"-деп атап өтті Жеӊіс Қасымбек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны