03.10.2016, 13:19 4430

2016 жылдыӊ бірінші жарты жылдығында тоқыма бұйымдарыныӊ экспорты 52,5 млн долларды құрады

Сонымен қоса, агенттік қазақстандық дизайнерлерге халықаралық көрмелерге қатысуға қолдау көрсетумен де айналысады. Өндірушілердіӊ айтуынша, шетелдік шараларға қатысу олардыӊ экспортқа шығуына септігін тигізеді.
Астана. 3 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылы Қазақстандағы дайын отандық киім экспорты екі есеге артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"KAZNEX INVEST" мәліметі бойынша, 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында тоқыма мен тоқыма бұйымдарының экспорты 52,5 млн долларды құрады. Бұл өткен жылдың осы мерзімдегі көрсеткішімен салыстырғанда 18,3%-ға артқан.

Бұдан өзге, киімдер мен киімге қажетті жабдықтардың экспорты 2,4 есеге өсті, 9,1 млн-нан 21,6 млн долларға дейін.

Биыл "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі отандық тоқыма өнімдерін шығарушыларға шетелдік нарыққа шығуға байланысты мемлекеттік көмек көрсету аясында 6 кәсіпорынға көмек көрсетті: "ҚазСПО-N" ЖШС – кәсіби спорт киімдері мен әскери киімдер өндірушісі, "Mimioriki" ЖШС – балалар киімін өндіруші, "Glasman" ЖШС – ерлерге арналған костюмдер мен мектеп формасын өндіруші, "Golden Nomad" ЖШС - ерлерге арналған костюмдер өндірушісі, "Бал Текстиль" ЖШС – кілем бұйымдарын өндіруші және футболкалар мен әйелдер киімін шығаратын "Linsky" ЖК.

Сонымен қоса, агенттік қазақстандық дизайнерлерге халықаралық көрмелерге қатысуға қолдау көрсетумен де айналысады. Өндірушілердің айтуынша, шетелдік шараларға қатысу олардың экспортқа шығуына септігін тигізеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны