Система Orphus

2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша еліміздіӊ тауар айналымы 58 миллиард АҚШ долларын құрады

28.12.2016 3827

Астана. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Еуразия Экономикалық қауымдастығы сауданы оӊтайландыруға үлкен мүмкіндік берді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде "Қазақстан экспортын дамыту мен жылжыту мәселелері бойынша "KAZNEX INVEST" АҚ-ныӊ 2016 жылғы жұмысыныӊ қорытындылары" атты баспасөз конференциясында "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар агенттігі АҚ Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Мейіржан Тлеуханұлы Майкенов мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, осыдан бес жыл бұрын экспорттық тауар үлесі 24% болған. Бүгінгі таӊда бұл көрсеткіш 35%-ды құрып отыр.

Қазақстандық тауарларға шетелдік сұраныс артуда.

"Биыл Қазақстандықтар тауарды шетелден сатып алғаннан гөрі өз өнімін экспорттауға басымдық берді", - деді "Қазақстан экспортын дамыту мен жылжыту мәселелері бойынша "KAZNEX INVEST" АҚ-ныӊ 2016 жылғы жұмысыныӊ қорытындылары" атты баспасөз конференциясында "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар агенттігі АҚ Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Мейіржан Майкенов.

Бүгінгі таӊда Қазақстан әлемніӊ ірі 50 экспорттаушы елдер тізімінде. 2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша еліміздіӊ тауар айналымы 58 миллиард АҚШ долларын құрады. Оныӊ ішінде 35 миллиардАҚШ доллары Қазақстанныӊ экспорты болса, 2 миллиард АҚШ доллары - импорт. Оған қоса экспорттық тауарлардыӊ таралым аумағы да кеӊейе түсуде. Қазақстан өз өнімдерін әлемніӊ 117 мемлекетіне өткізіп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны