24.02.2012, 12:21 3755

2016 жылға қарай ірі қара мал еті экспортының көлемі 60 мың тоннаны құрайды

"Қазақстанда мал шаруашылығы саласын дамыту тарихында бұрын-соңды болмаған жалпыұлттық жоба іске асырылуда. 2016 жылға қарай ірі мара мал етінің экспорттық әлеуетін 60 мың тоннаға дейін жеткізуіміз керек",- деп атап көрсетті Қабыл Исабеков өз сұхбатында.

Астана. 24-ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылға қарай ірі қара мал еті экспортының көлемі 60 мың тоннаны құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту саласының тарихында бұрын-соңды болмаған үлкен жоба іске асырылуда, деп хабарлады "Қазагромаркетинг" АҚ Табын өсіруді басқару және мал шаруашылығындағы консалтинг орталығының басшысы Қабыл Исабеков Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Қазақстанда мал шаруашылығы саласын дамыту тарихында бұрын-соңды болмаған жалпыұлттық жоба іске асырылуда. 2016 жылға қарай ірі мара мал етінің экспорттық әлеуетін 60 мың тоннаға дейін жеткізуіміз керек",- деп атап көрсетті Қабыл Исабеков өз сұхбатында.

Оның айтуынша, жобаны нәтижелі іске асыру үшін фермерлік шаруашылықтарды дамыту, шетелдік селекцияның сиырларын сатып алу, сондай-ақ жеке шаруашылықтардағы түліктерді асылдандыру керек.

"Фермерлік шаруашылықтарды дамыту аясында 2015 жылға дейін біз 223 мың сиыр сатып алуымыз керек" - деді Қабыл Исабеков өз сөзінде.

Халықаралық сарапшыларды тарта отырып, Қазақстанның барлық өңірінде етті мал шаруашылығын жүргізу технологиялары бойынша оқу семинарлары өткізілуде. "Қазіргі уақытта біз 900 фермерлік шаруашылықты оқумен қамтып отырмыз, бұл көрсеткіште 1,5 мыңға жеткізу жоспарда бар", - деді "Қазагромаркетинг" АҚ Табын өсіруді басқару және мал шаруашылығындағы консалтинг орталығының басшысы Қабыл Исабеков өз сұхбатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны